Қоғам

Қысқы аңшылық маусымы жабылды

 

 

 

2012 жылғы қысқы аңшылық маусымы қаңтардың 1 – ақпанның 15 аралығында жүргізілді. Барлығы аңшыларға 7 170 дана жолдама сатылыпты. Аңшылық маусымында рұқсаты бар және жолдама алған азаматтар ғана саятшылық құра алады. Ал бұл талапты орындамағандар браконьер болып есептеледі.  

Олег Беспалов,   «Орман және аңшылық шаруашылығы» ММ аумақтық инспекциясының инспекторы:
-Биыл аң басына шаққандағы шектеулі көрсеткіштер өзгеріссіз қалды. Тек аңшылардың қуанышына қарай қояндар саны көбейді. Қазіргі таңда 9650 бас болса, былтыр не бары 6600 қоянды атуға рұқсат берілген еді.  

Былтыр облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының мамандары мен мемлекеттік орман мекемелерінің қызметкерлері 4615 рейд жүргізген. Сонымен қатар табиғат қорғау заңнамасын сақтау жөнінде 2836 тексеріс өткізілді. Нәтижесінде 14 браконьерлік фактісі тіркеліп, жануарлар әлеміне 6 млн 55 мың теңге сомасында залал келтірілген.

Олег Беспалов, «Орман және аңшылық шаруашылығы» ММ аумақтық инспекциясының инспекторы:
– Атап айтатын болсақ, Барашка селосының маңында 8 сібір елігін заңсыз атқан браконьерлер ұсталды. 1 жылға созылған соттың нәтижесінде, заңсыз аң аулаушылар 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Биыл 4 заңсыз аңшылық тіркеліп, айыптылар  жауапқа тартылды.