Қылмыс

Ақшаны сейфімен қоса алып кеткен ұрылар іздестірілуде



 

Ұрылардың кеңсеге енуіне терезенің темір торы кедергі бола алмаған. Қоршауды майыстырып, шыныны сындырып ішке кірген. Ғимаратта дабылқақыш орнатылмапты. Сондықтан баукеспелер еш алаңсыз іштегіні жымқырған. 300 мың теңге сақталған сейф, жанармай талондарына қоса серіктестіктің мөрін де іліп әкетіпті. Қолды болған мүлік  900 мың теңгеге бағаланып отыр. Келесі күні осыған ұқсас тағы бір қылмыс тіркелді. Белгісіз біреулер Абай көшесі бойындағы айырбастау пунктін тонап кеткендігі туралы полицейлерге хабар түскен. Бұл жолы дабыл қағылып, тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жеткенімен қылмыскерлер іздерін суытып үлгерді. Жақсылап сайланған тонаушыларға қабырғаны сындырып, 800 мың теңге ақша жатқан сейфті қолды етуге 3 минут жеткілікті болғанға ұқсайды. Қазіргі кезде бұл қылмыстар бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде.

Жеңіс Ермұқанов