ТКШ

ТКШ жаңғырту бағдарламасының мүмкіндіктері мол

 

 

 

Абай көшесі, 40 мекен-жайындағы үйдің жөндеу жұмыстары желтоқсан айында басталған. Бүгінде мұнда үй төбесінің ескі шиферлері жаңа мырыштан жасалған қаптамамен алмастырылуда. Жөндеу жұмыстарына шамамен 16 миллион теңге қаржы жұмсалмақ. Ал тұрғындар ол қаржыны 7 жыл көлемінде төлейді.

  Игорь Стрельцов, «Аркада Trеnding» ЖШС инженері:
– Құрылыс жұмыстары бүгінде аяқталуға жақын. Толығымен бұл нысанды наурыз айының басында тапсыруды жоспарлар отырмыз. Дәл қазіргі уақытта мұнда 15 адам жұмылдырылған.

Көп жылдан бері жөндеу көрмеген үйдің төбесінен су ағып, тұрғындарды кейде әуре-сарсаңға салатын. Енді 83 пәтерден тұратын үйдің тұрғындары үшін бұл мәселе күн тәртібінен түспек.

  Валентина Иващенко, зейнеткер:
– Мен бұл үйде оның негізі қаланғаннан бері тұрып келемін. Бүгінде осындай бағдарламаның жұмыс істейтіндігі қуантады. Үйдің шатырынан су ағып кейде мазамызды алатын. Енді бәрі басқаша болады деп ойлаймын.

Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша 4 нысан осындай жөндеу жұмыстарынан өтуде. Солардың қатарында 1968 жылы салынған тұрғын үйдің шатыры, қасбеті  жөндеуден өтпек.

  Қанат Баймұхамбетов, Петропавл қалалық тұрғын үй секциясының меңгерушісі:
– 2011 жылы тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін 46 өтініш  түсті. Осы бағдарламаға жүгінуші тұрғындар да артып келеді.  

Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша биыл 80 үй жөндеуден өтпек.

Әспет Әбдірешова