Спорт

Шаңғыдан облыс чемпионаты

 

 

Сықырлаған сары аязға қарамастан, жарысқа қатысушылар  белсенділік танытты. Бастысы –   сенімді ақтап, мәре сызығына бірінші болып жету. Жарыстың алғашқы күні еркін жүріс түрінде өтті. Ұлдар – 5 шақырым, ал қыздар 3 километр қашықтықта жарысты. Думан Шеген не бары 9-да болса да, былтырғы чемпионатта екінші орынды қанжығасына байлап үлгерген.

Думан Шеген, сайысқа қатысушы:
– Шаңғы спорты менің денсаулығымды шынықтырады.

Турнирге облысымыздың барлық өңірлері қатысып отыр. Есіл ауданының құрамасына 14 шаңғышы кірген. Былтырғы жылы командадағы 2 спортшы қола мен күміс алқаларды жеңіп алса, биыл алтыннан үмітіміз бар  дейді Есіл ауданы спорт мектебінің директоры Жаудат Шоткин.

Жаудат Шоткин, Есіл ауданы спорт мектебінің директоры:
– Біздің солтүстік өңірінде қысқы спортты шаңғы, коньки, хоккейді дамыту керек.

Шаңғы біріншілігіне барлығы 207 спортшы жиналды. Олардың тең жартысы қыздар. Жалпы, жылдан жылға қатысушылар саны атып келеді дейді ұйымдастырушылар.

Александр Васильев, бас төреші:
– Биыл жарысқа қатысушылар саны көбірек. Елбасы саясатының арқасында аудандарда да шаңғы спорты дамып жатыр.

Спортшылар екінші күні классикалық жүрістен өзара жарысты. Дода қорытындысы бойынша алтынды Петропавл қаласы Қ.Байболов атындағы спорт мектебі ұтып алды, күмісті Тайынша ауданы, ал қола жүлдені Мамлют ауданының құрамасы еншіледі.