Қоғам

“Бәрі де махаббаттан бастау алады»

Әйгерім Сейітова онкүндік аясында өткізілген «Ізгілік әлемі» балалардың шығармашылық жұмыстарының байқауында бас жүлдеге ие болған.

14 жастағы қыз өз жұмысында адамгершілік қасиеттердің арқасында қандай жетістіктерге қол жеткізуге болатындығын баяндапты.

Әйгерім Сейітова, «Ізгілік әлемі» балалар шығармашылығы байқауының жеңімпазы:
-Ізгілік әлемі адамды неге жетелегенін, адамның алған әсерін, сосын тақпақ ретінде шығарып, ақындардың сөздерін алып шығарманы жаздым.

«Бәрі де махаббаттан басталады» фестиваліне 500-ден астам қатысушы жиылған. Өнерлі жеткіншектер ән айтып, атақты ақындардың жырларын, кейбіреулері өздері шығарған өлеңдерін және жасаған слайдтық презентацияларын көрермен назарына ұсынды. Шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің бойындағы рухани құндылықтарды байыту дейді ұйымдастырушылар

 Жұлдыз Төренова, СҚО балалар құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы:
– Облыстық балалар құқықтарын қорғау департаменті адамгершілік рухани бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Бәрі де махаббаттан басталады» фестивалін өткізіп жатыр. Бұл фестиваль онкүндік аясында өтіп жатыр. Онкүндік аясында барлық мектептерде түрлі шаралар өткізілді.

Сондай-ақ онкүндік шеңберінде өткен «Ізгілік әлемі» көрмесінде 150-ге жуық жұмыс қойылыпты. Үздік туындылар «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбиелеу идеясының авторы Сара Алпысқызының мұражайына жіберілді.

 

Айдана Демесінова