Қылмыс

Петропавлдық полицейлер ғаламтор арқылы жасалған алаяқтықты ашты

Осы күні айыпталып отырған 23 жастағы азамат – Петропавл қаласының тумасы. 2005 жылы ол ата-анасымен Рессейге көшіп кеткен. Алайда  соңғы жылдары қалаға жиі келіп тұрған. Кезекті рет туған жеріне оралған Дмитрийдің қаржы жағдайы ауырлап, ол интернет арқылы ақша табудың оңай жолдарын іздеуге кіріседі. Интернетті жақсы меңгерген жігіт сайттардың бірінде заңсыз ақша табудың амалын табады. Оның жаңа виртуалды танысы батыс мемлекет азаматтарының есеп шоттарынан ақша ұрлауды ұсынған. Сонымен қатар алаяқтық жасаудың дайын жүйесі де болған. Ресей азаматы бұл істі жүзеге асыру мақсатында өзінің танысын көмекке шақырған. Ірі көлемде алаяқтық жасау үшін үшінші тұлғаның атына жауапкершілігі шектеулі серіктестік және Қазақстан банктерінің бірінде есеп шот ашылады. Сөйтіп,  олар интернет арқылы АҚШ азаматының есеп шотынан 7 миллион теңге ақша олжалаған. Заңсыз істері еш қиындықсыз ойдағыдай өткесін, олар қылмыстық әрекеттерін әрі қарай жалғастыруға дайындалған. Бірақ бұл уақытта алаяқтар полицейлердің назарына 

Марат Жұмалиев, СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:
-Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында алаяқтықпен айналысқан ресейлік ұсталды. Одан айғақ заттар тәркіленді: шет елдердің ақшасы, ноутбук, несие карточкалары, банк карточкаларынан ақпаратты санап алатын арнайы құрал.

Жедел уәкілдер Дмитрийдің сыбайласын да құрықтады. Ол есеп-шоттан ұрланған ақшаны алмақшы болған жерінде ұсталды. Қазіргі кезде Ресей азаматы тергеушілердің сұрақтарына жауап беруде.

Күдікті:
-Интернет арқылы хакерлерден банк карточкаларындағы ақпаратты сатып алдық. Алдын ала жасалған келісім бойынша бұл соманың 70 пайызын біз карточкалар туралы ақпарат берген виртуалды танысымызға беруге келістік.

Бұл факті бойынша алаяқтардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.