ТКШ

Өңір инфрақұрылымын дамыту жалғасуда

 

 

 

Өткен жылы өңірімізде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» пилоттық жоба ретінде іске қосылды. Былтыр бұл бағытта мемлекет және облыс қазынасынан 395 млн теңге бөлінген. 23 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Үстіміздегі жылы бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 812 млн теңге бөлу көзделіп отыр. 2011 жылы  Аққайың ауданындағы Қиялы ауылынан Тайынша қаласына дейінгі жалпы ұзындығы 42 шақырымды құрайтын су таратқыштың құрылысы аяқталды. Бұл үшін 1,5 млрд теңге бағытталыпты. Ал Тайынша қаласында  тарату желілерін тарту үшін 90 млн теңге қаржы құйылған. 2012 жылы тындыратын шаруа да қыруар

Антон Федяев, СҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы  бастығы:

-Петропавл қаласының оңтүстік коллекторын қайта қалпына келтіру жұмыстары биыл басталуы мүмкін. Сондай-ақ облыс орталығындағы кәріз жүйесі мен тазарту құрылғыларын жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады. Қажетті құжаттарды осы жылы даярлаймыз. Оған мемлекеттік әрі облыстық бюджеттен шамамен 8 млрд теңге бөлінуі тиіс.  

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткен жылы 620 млн теңге бөлініпті. Соның арқасында Петропавл қаласының Солтүстік Шығыс бөлігіндегі жолдар қалпына келтірілген.

Антон Федяев, СҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы  бастығы:

– Баян Батыр көшесіндегі, Индустриал және Ғ.Мүсірепов көшелерінің қиылысынан сырттағы жолға дейінгі жол жөнделді. Сондай-ақ Петропавл ауыр машина жасау зауыты орналасқан аудандағы қосалқы станцияның құрылысымен айналыстық.

Үстіміздегі жылы бұл үшін 420 млн теңге бөлінбек. Қаражатты негізінен малшаруашылық кешендеріне инфрақұрылымды салу және қаладағы электр желілерін, жылу құбырлары мен автокөлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстарына бағыттау көзделіп отыр.

Айдана Демесінова