Денсаулық сақтау

Колониядан шығарылғандар тубдиспансерде ем қабылдайды

Қауіпті дертті жұқтырған науқастың біреуін  облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері өткен сенбіде қабылдаған. Петропавл қаласының тұрғыны жазасын Володаровкадағы ЕС 168/4 мекемесінде өтепті. Рақымшылық заңына байланысты бостандыққа шыққан солтүстүстікқазақстандық емдеу мекемесіне жолдама алған. Енді ол бір апта бойына толық тексеруден өтпек.

Павел Соболевский , СҚО туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері:
– Біз алдағы уақытта рақымшылық заңына байланысты  туберкулезге шалдыққан 31жазасын өтеушіні емдемекпіз. Соның ішінде 27-сі 164/8 колониясынан болса, өзгесі басқа мекемелерден жолданды. Олардың бәрі бірдей аурудың ашық формасын жұқтырмаған, араларында бұрын емделгендері де бар.  

Бұл дертті жұқтырғандарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Оларды тасымалдау үшін туберкулезге қарсы күрес диспансерлеріне арнайы көліктер берілген. Бүгінгі күні өңірімізде бұл аурудан 430 сырқаттанушы емделуде. Диспансер сапалы неміс техникасымен жабдықталған.

-Толық емделмеген жағдайда олар айналасынадағыларға туберкулез ауыруын жұқтыруы мүмкін. Бірақ дәл қазір олар жайында алдын ала айту қиын. Себебі алдымен заманауи  тексеру әдісімен сырқатты анықтаймыз. Бір апта бойына оларды бақылап, айналасындағы жандарға қаншалықты қауып төндіріп тұрғанын анықтаймыз.  

Соңғы 3 жылда көкжөтелге шалдыққандардың саны 2 есе  азайған. Мамандар әсіресе кеселдің алдын алу шараларына баса көңіл бөлуде.  