Мәдениет

Жас музыканттар байқауы

 

 

Сахнаға алдымен Корнеевка музыка мектебінің оқушысы Валерия Щебетова шықты. Ол үрлемелі аспаптар аталымында блокфлейтада ойнап, жиылғандарды өнерімен тамсандырды. Валерияның ұстазы Татьяна Елькина, оқушыларының түрлі өнер байқауларында биіктерден көрініп жүргенін мақтан тұтады. Бұл сында да бас жүлдеден үміттіміз дейді.

Татьяна Елькина, музыка мектебінің ұстазы, концертмейстер, Есіл ауданы:
– Бірінші рет қатысқанда біз жалғыз болған едік, ал бүгін тағы екі қатысушыны көріп отырмыз.

Қайыркен Қайырбаев қалалық классикалық гимназияның оқушысы. Ол халық әні «Ақ баян» және Шуманның «Смелый наезднигін» нақышына келтіріп ойнап шықты.

Қайыркен Қайырбаев, сайысқа қатысушы:
-Мен сыбызғыда 3 жыл ойнаймын, мен сайысқа екінші рет қатысып жүрмін.

Өңірімізде «Дебют» облыстық жас музыканттар сайысы алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Іс -шараға барлық аудандардан 65 дарын қатысуда. Сайыс 4 аталым бойынша өткізіледі. Байқаудың мақсаты дарынды балаларды анықтау, жеке және ансамбльдік орындау машығын көтеру, музыка өнерін насихаттау дейді Самат Біләлов

Самат Біләлов, «Жас дарын» мектебінің директоры:
-Әділ-қазылар өнер колледжі, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтынан. Бұл облысымыздың беделді мұғалімдері. Солардың кәсіби көзқарастары арқылы жаңа дарындарды ашамыз деп ойлаймын.  

Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.