Құқық қорғау органдары

Рақымшылық жасау туралы заң күшіне енді



 

 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңы 2012 жылдың 22 қаңтарынан заңды күшіне енді. Заң талаптарына сай орташа және орташа ауыр қылмыс жасап, басы істі болған азаматтардың бірқатары уақытынан бұрын бостандық алмақ.

Ербол Бектұров, СҚО ІІД бергеу басқармасының бастығы:
– Рақымшылыққа ие болу үшін тұлға жасаған қылмыс онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар санатына жату керек. Жасалған әрекет үшін бас бостандығынан айыру 5 жылдан аспауы керек.  

Бүгінде осы сипаттағы 26 іс қаралып жатыр. Олардың арасында іздеуде жүрген қылмыскерлер де бар. Заңнан жалтарып жүрген азаматтар рақымшылыққа ілккендерінен байхабар болуы мүмкін. Сондықтан бұндай тұлғалар ішкі істер органдарына хабарласулары тиіс дейді тәртіп сақшылары.

Ерлан Сұлтанов, СҚО ІІД АБ бастығы:
– Егер айыпталушы мемлекеттен тысқары жүрсе және оған рақымшылық жасалғаны туралы жарияланса, құқық қорғау органына келуі қажет. Қылмыскердің айыбы заң талаптарына сай келсе, онда қылмыстық іс тоқтатылады.

Брифингте полицейлер ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан айларында ІІД тергеу басқармасы 37 қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберген. 54 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Анықтау бөлімшелері 42 азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Әспет Әбдірешова