Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір басшысының Қызылжар ауданына жұмыс сапары

 

 

 

Алдымен Серік Біләлов Қызылжар ауданына қарасты Березовка селолық округіне ат басын тіреді. Мұнда өңір жетекшісі  «СБИ-Агро-Ташкентка» серіктестігінің шошқа өсіру кешенінде болды. Бүгінгі күні шаруашылықта 5000-нан астам ірі ақ тұқымды шошқа бар. 20-ға жуық адам оларға күтім жасайды. Басшылық алдағы уақытта талпақ танаулардың санын 8000 – ға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұдан соң өңір басшысы Большая Малышка селосындағы «Петропавловская лесная компания» серіктестігінің ағаш өңдеу кәсіпорнында болды. Қазір мұнда 20 адам еңбек етеді. Серіктестік басшылығы қажетті құралдарды Голландиядан әкеліпті. Сұраныс бар. Өнім Қазақстан мен көршілес Ресейге де жөнелтіледі. Аймақ басшысы «Нұргүл» шағын орталығына да соқты. 40 балаға шақталған мектеп жасына дейін тәрбие беретін мекеме өткен жылы ашылған. Балғындар үшін мұнда бар жағдай жасалыпты. Серік Біләлов іссапарының соңында Березовка селолық округінің әкімі Аяс Дауренбековтың есептік кездесуіне қатысты. Округтің 1700 – ге тарта халқы бар. Жалпы өткен жылы тындырылған істер аз емес. Барневка және Гончаровка селолары телефондандырылды. Дегенмен түйіні ағытылмаған мәселелер баршылық. Большая Малышка селосында бүгінде дәрігер жоқ. Тұрғындар ауырып қалсақ , алысқа қатынауға тура келеді дейді. Кездесу соңында аймақ басшысы бірқатар міндеттерді айқындады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Еліміз жаңа онжылдыққа қадам баспақ. Биылғы Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев экономикалық-әлеуметтік дамуға ерекше көңіл бөлген болатын. Жүктелген міндеттерді баршамыз бірлесе шешеміз деп ойлаймын
.

Таза ауыз су, жол жөндеу, мәдениет үйі. Бұл тұрғындарды мазалап отырған басты мәселелер. Серік Біләлов тиісті басшыларға бұл проблемаларды бақылауға алып, тез арада шешу керектігін жеткізді.

Инеш Шоқақова