Құқық қорғау органдары

«Қауіпсіз жол» шарасының қорытындысы



 

Рейд барысында қала көшелерінің бірінде Петропавл қаласының 24 жасар тұрғыны тоқтатылды. Жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпаған. Енді ол 8090 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Барлығы шара барысында 103 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпағандығы салдарынан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Мас күйінде рөлге отырған жүргізушілер де анықталды. Ережені бұзғандар 2 жылға жүргізуші куәлігінен айырылатын болады. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы кезінде 35 адамның арақ ішіп, жолға шыққаны анықталған. Жаяу жүргіншілер де назардан тыс қалмапты. 206 жерлесіміз жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 8000 теңге айыппұл төлейді.

Асулан Омаров, СҚО ІІД ЖПБ батальон командирінің орынбасары:
– Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде облыс аумағында 871 тәртіп бұзушылық анықталды.

Жол полицейлері рейд уақытында темір жолды кесіп өтушілерге де көңіл бөлді. Тәртіп бұзушыларға 16 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, олар көлік жүргізу куәлігінен айырылады. Биыл 6 көлік иесі жауапқа тартылған. Ал 2011 жылы 137 заң бұзушы тіркелген.