Бизнес және экономика

Электрондық лицензиялау қызметі

 

Үстіміздегі жылдың 30-шы қаңтарына дейін табиғи монополияларды ретеу агенттігінің СҚО бойынша департаменті лицензиялаудың 6 түрі бойынша жұмыс жасаған. 2 жыл ішінде  мекеме мамандары өңірде 72 кәсіпорынның ісін заңдастыратын рұқсат қағаздарын беріпті. Енді кәсіпкерлердің біршамасына міндетті түрде мемлекеттік лицензия алу талабы қойылмайтын болды. Бұл негізінен адам денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға нұқсаны аз кәсіпорындарға қатысты. Қаңтардың отызынан жаңашылдықтың арқасында рұқсат қағаздарын беру тәртібінің жеңілдеуімен қатар өтініштерді қарау уақыты екі есе қысқарып отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлерге жұмыс орындарынан шықпай-ақ лицензия алу мүмкіндігі жасалды. Өңіріміздің іскер жандарын жол мен қағаз машақатынан босату үшін департаментте электронды лицензиялау жүйесі іске қосылды. Ол үшін бар болғаны халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеліп электрондық қол қою кілтін алу қажет.  Бұл әсіресе шалғайда орналасқан аудан тұрғындарына өте тиімді.  Бұл жөнінде толық ақпаратты ғаламтордағы www.e.licence.kz бетінен білуге болады.

Жеңіс Ермұқанов