Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіз жол”

 

 

Учаскелік инспекторлар, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша инспекторлар және жол полициясының жеке құрамы ақпанның 8-нен күшейтілген жүйеде жұмыс жасауға кірісті.

 Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы:
-Жалпы білім беру мекемелері мен жұмыс орындарына барып, әңгіме жүргіземіз. Балаларға жол ережесін сақтау қаншалықты маңызды екендігін айтамыз. Жұмысшылармен кездескенде бейнематериалдарды көрсетіп, әңгімелесеміз.

Күшейтілген жұмыстың бірінші күнінде-ақ облыс бойынша жол ережесін бұзудың 473 фактісі тіркелді. Оның үштен бір бөлігі, яғни 170-і жаяу жүргіншілерге қатысты. Белгіленбеген жерде жолды кесіп өткендері үшін олар 8 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Мұндай ереже бұзушылыққа бұған дейін де жол бергендер 2 есе артық шығынданбақ. Ал осындай тәртіпсіздікке жиі баратын тұрғындар 15 тәулікке қамауға алынатын болады.
Темір тұлпар иелері тарапынан да заңбұзушылық әрекеттер анықталды.  Көлік жүргізіп  келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен 9 азаматқа айыппұл салынды.

 Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы:
-Әкімшілік кодекске сәйкес мұндай заңбұзушылыққа 8090 теңге айыппұл қарастырылған. Мұндай қателікке екінші рет жол берсе,  7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Мас күйінде рөлге отырған  20 жүргізуші  ұсталды.  30 көлік иесі жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. 48 азамат қауіпсіздің белбеуін тағу талабын елемеген.