Қоғам

Жолаушы тасымалдаушылар Жолдауды талқылады



 

Петропавл троллейбус паркінің ұжымы ақпанның 27-інде осы залға жиналып, Елбасының халыққа арнаған жолдауын тыңдаған. Ел экономикасын бірге көтеруге шақырған Президент бұл іске еліміздің әр азаматы үлес қосуы керек деген болатын. Парк ұжымы Елбасын Жолдауына қолдау білдіріп отыр. Қолға алынған қандай да бір әлеуметтік, экономикалық бағдарлама әр қазақстандыққа қатысты дейді Петропавл троллейбус паркінің аға диспетчері Светлана Евдокимова.

Светлана Евдокимова,  «Петропавл троллейбус паркі» АҚ аға диспетчері:
– Біз Елбасының саясатын толығымен қолдаймыз. Биылғы Жолдауда ерекше атап өтетінім – кәсіпорындарды мамандармен қамсыздандыру мәселесінің көтерілгені.

Бұл Жолдаудың ерекшелігі мол. Құжат толықтай әлеуметтік-экономикалық салаға бағытталған. Өткен уақытқа сараптама жасалып, алдағы 10 жылға міндеттер нақтыланып отыр. Бұл тапсырмалардың барлығы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Троллейбус паркінің қызметкерлерін биылғы Жолдауда жас мамандарды тұрақты еңбекке тарту жайының көтерілгені қуантқан.

Костантин Верховых,  «Петропавл троллейбус паркі» АҚ механигі:
– Бүгінгі таңда жас мамандарға көп көңіл бөлінуде. Соның арқасында біз сапалы білім алып, жақсы жұмысқа орналаса аламыз.

Бүгінгі таңда Петропавл троллейбус паркінде жүргізушілер, кондукторлар, темір ұстасы, токарьлар еңбек етуде. Барлығы парк 180 жерлесімізді жұмыспен қамтамасыз еткен.

Айдын Макенов,  «Петропавл троллейбус паркі» АҚ директорының орынбасары:
– Биылғы жолдауда Елбасы жас мамандарды жұмыспен қамту жайлы басып айтқан болатын. Біз де сол мақсатты орындаудамыз.

Қазіргі таңда троллейбустар Қазақстан бойынша тек үш қалада жүреді. 2011 жылы жергілікті троллейбус паркі өзінің 40 жылдығын атап өткен.