Қоғам

Сот жүйесі жаңғыртуды қажет етеді

 

 

Елбасы биылғы жолдауында жаңғыртуды қажет ететін басым бағыттардың бірі ретінде сот жүйесін атап өткен болатын. Оған сәйкес судьялар корпусын құрастыру тәртібін қайта қарау міндеті қойылды. Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Мұрат Мұқанов жолдауда айтылған сот және құқық жүйелерін модернизациялау мәселесі ең алдымен қарапайым халықтың мүддесін қорғауға бағытталған дейді.

Мұрат Мұқанов, Облыстық сот судьясы:
– Қабылданып жатқан, қабылдайтын өзгерістер ең біріншіден халықтың құқығын қорғауға  ықпал етеді. Біріншіден, жазған шағымдары  жергілікті жерде шешіліп кетеді. Жоғарғы сотқа жетпей.

Бұдан басқа жолдауда судьялардың әрдайым өз біліктіліктерін жоғарылатып отыруына аса мән берілген. Ерекше қиын сот істерінің арнайы санаттарын қарау әдісі мен практикалық дағдысын жетілдіру де – баса мән берілуі тиіс мәселе.

Мұрат Мұқанов, Облыстық сот судьясы:
-Бұрын апелляциялық, кассациялық коллегиялар соттары болды. Енді өзгерістер бойынша арыздар тек қана бірінші апелляциялық сот, содан кассациялық, кейін қадағалау сот алқасында өтеді.

Яғни, сот жүйесінің жұмысы әрбір судьяның қызметіне тікелей байланысты болмақ. Сондай-ақ Президент Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тиімді жалғастыру міндетін қойған болатын. Құқық қорғау органдары бұл індетке қарсы күрестің жаңа стратегиясын жасауы қажет.

 Инеш Шоқақова