ТЖ

Жұмысшы кентіндегі өрт

 

 

 

Құтқарушыларға Восточная, 56 мекен жайында өрт шыққаны жайында хабар таңғы 8 сағат 44 минутта  жеткен. Жедел қимылдаған өрт сөндірушілер қызыл жалынды аз уақытта ауыздықтады. Сәл кешіккенде от үйді де шарпуы мүмкін еді дейді құтқарушылар.

Ермек Қоржымбаев, Петропавл қаласы мамандандырылған жасағының № 4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:
№4 ӨСБ екі бөлімшесі өрт орнына келіп жеткен уақытта үйдің сыртында түтін өте көп болды. Сол уақыттан бастап бір оқпан беріліп, өрт шектелді. Біз келген уақытта үй иелері болған жоқ.

Төтенше жағдай жайлы өрт сөндірушілерге көршілер хабар берген. Тілсіз жаудың кесірінен үй жанынан салынған құрылыстың 5-6 метр аумағы жанып кеткен.

Сергей Семидотских,  үй иесі:
Өрттің неден шыққанын өзіміз де білмейміз. Жұмысқа кеткен болатынбыз. Өрт туралы естіп, бірден осында жеттік. Абырой болғанда үй аман, көршілерімізге зардабы келмеген.

Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында осындай 105 өрт оқиғасы тіркеліпті. Оның кесірінен 58 млн теңге көлемінде залал келіп, 18 адам қаза болған.

 Әспет Әбдірешова