Қоғам

Мәжіліс депутаттары мамлюттіктермен кездесті

Президент биылғы жолдауында білім берудің сапасын арттыруға баса тоқталды. Әсіресе оқу ордаларының материалдық- техникалық кешенін жетілдіру керек. Бұл қажеттілікті орындау үшін Нұрсұлтан Назарбаев   әлемнің озық үлгідегі технологиялары мен тәжірибесін пайдаланып, халықаралық талаптарға сай қазақстандық оқу жүйесін құру қажеттігі туып отырғандығын алға тартты.

 Ольга Кикаленко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бүгінде білім саласын бақылаудың жаңа жүйелері енгізілді. Бүгінде жаңа мектептер салынып жатыр. Тәжірибелі ұстаздар баршылық. Алайда зымыраған ақпараттық  технологиялар заманында өмір ағымымына сай білім беру үшін мұғалімдер біліктілігін ұдайы арттырып отырмаса болмайды. Президент жолдауында осыған ерекше көңіл бөлді.

Мамлют ауданының ұстаздары жолдау жүктеген міндеттер ауқымды, оларды жүзеге асыруда бізге артылатын жүк жеңіл емес деп отыр. Бүгінде 48 оқу сыныбының 6-ы интерактивті тақталармен жабдықталыпты. Қос-қостан лингафонды, мултимедиялық және информатика кабинеттері қарастырылған. Білім саласын жаңғыртуда әсіресе білікті ұстаздардың деңгейін арттыру басты назарда. Мұндағы 28 ұстаздың 24-і жоғары білікті маман.
Мектеп басшылығы салауатты өмір салтына үлкен мән береді. Мұнда 2 бассейн мен 4 спорт залы 227 оқушының игілігінде. Дене тәрбиесі пәндерімен қатар спорттың 6 түрінен үйірмелер жұмыс істейді. 3 сынып оқушысы Рахат Амангелдин – оқу үздігі. 9 жасар Рахат спортты да қатар алып жүр. Жас палуан грек-рим және еркін күрестен облыс чемпионы.

 Рахат Амангелдин, Мамлют мектеп-интернатының оқушысы:
– Интернатта оқыған ұнайды. Жақсы білім береді. Компьютерді меңгеріп алдым. Спортпен айналысуға  жақсы спорт залдарымыз да, бәрі бар.   

Маңызды құжат жүктеген міндеттерді халыққа жеткізуге келген депутаттар тобы сондай-ақ Мамлют ауданының орталық ауруханасын аралап жолдауды ақ халатты абзал жандармен де талқылады.

 Жеңіс Ермұқанов