Қоғам

Жазасын өтеушілер де Елбасы Жолдауынан хабардар

 

 

 

ЕС-164/6 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер Елбасының биылғы Жолдауын қаңтардың жиырма жетісінде мұқият тыңдапты. Енді олар маңызды құжаттағы әрбір бағытты жан-жақты талқылауға кіріскен.

Александр Лупаревич, “ЕС-164/6 мекемесі” РММ бастығының орынбасары:
-Елбасының Жолдауы – маңызды стратегиялық құжат. Оны елдің әрбір азаматы білуі міндет. Сондықтан осында жазасын өтеп жатқандарды Жолдаумен таныстырып жатырмыз. Жолдауда айқындалған мақсат-міндеттердің сотталушыларға да қатысы бар. Олар ертең бостандыққа шыққасын мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдаланып, өздері де Елбасы жүктеген міндеттерді орындауға атсалыса алады.

Жолдаудағы халықты жұмыспен қамту, қолжетімді баспана бағыттары жазасын өтеушілердің ерекше қызығушылығын тудырған. Өйткені сотталушылардың бір бөлігі ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай жасалған рақымшылыққа іліккен. Енді оларға бостандыққа шыққасын жұмысқа орналасып, баспаналы болуға мүмкіндік бар.

  Галина Петрова, жазасын өтеуші:
-Біз биылғы Жолдауды ерекше ықыласпен қабылдадық. Жұмыспен қамту бағдарламасы бізді ерекше қуантады. Өйткені жуық арада бостандыққа шығамыз. Жұмыс керек. Мемлекет көмектеседі деген үміттеміз. Сонымен қатар Елбасы қолжетімді баспана мәселесін де көтерді. Жазасын өтеп жатқандардың көпшілігінде баспана жоқ. Ертең бұл жерден шыққасын пәтерді жалға алып тұру мүмкіндігі бар.

 Әсемгүл Балабекова, жазасын өтеуші:
-Елбасының Жолдауын тыңдадық. Көңілімізден шықты. Жұмыс беру жөнінде айтылған жері қуантты.

Бүгінгі күні бұл мекемеде 70 әйел жазасын өтеп жатса, оның 21 рақымшылыққа ілігіпті. Алғашқылары ақпан айының ортасына қарай бостандыққа шығады.

Айымгүл Әбілева