Көлік және жолдар

Жаңа бағдаршамдар орнату жалғасады

Жаңа бағдаршам тек жол тәртібін сақтау ғана емес, сондай-ақ қозғалысқа қажетті қосымша қызметтер атқарады. Егер бұрынғы қыздыру лампалары бар бағдаршамдар көп энергияны қажет етсе, мына жаңа түрлері әлдеқайда тиімді.

 Вячеслав Коровин, «Дорсигнал» ЖШС  жол қозғалысын техникалық құралдармен реттеу маманы:
– Жаңа бағдаршамның бір артықшылығы – жауын-шашын немесе күн өте жарық болғанда көзге шағылысып немесе жанбай қалып қиындық тудырмайды. Бүгінде бұл бағдаршамдардың арқасында жолда болатын қиындықтар әлдеқайда азайды.  

Жарық диодты бағдаршамдардың артықшылығы мол. Мәселен, осы заманғы техниканың бірыңғай жүйемен жұмыс істеуі. Егер бағдаршам нысанында ақау болса, мамандар оны компьютерлік бағдарламаның арқасында дер кезінде анықтайды.

 Юрий Зартдинов, “Дорсигнал” ЖШС директорының өндіру бөлімі бойынша орынбасары:
– Мына жерде қаланың картасы бар. Барлық бағдаршамдарды бір жерден қадағалап отырамыз. Өйткені олардың бәрі бір ортадан басқарылады.

Жаңа техника энергия үнемдегіш. Ол бағдаршамдық нысандарда болатын шығындарды кемітеді әрі жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді дейді мамандар. Оған көрсетілген арнайы уақыт белгісі дәлел. Бүгінде қалада осындай бірнеше бағдаршам орнатылған. Оның тиімділігіне тек мамандар ғана емес, тұрғындар да көз жеткізіпті.

-Әрине уақыт қойылғаннан кейін, өте ыңғайлы. Өйткені қай кезде жүру керек екенін білесің.
-Жаяу жүргіншілерге де, көлік иелеріне де өте қолайлы.

Сонымен қатар, бағдаршамдар заманауи материалдардан жасалғандықтан механикалық беріктігі мықты. Оларды сындыру мүмкін емес. Айтқандай, тағы бір артықшылығы – өте ықшам етіп жасалғандығында. Биылғы жылы жаңа бағдаршам нысандары қаланың тағы 4 қиылысында пайда болады дейді “Дорсигнал” ЖШС директоры Николай Лазарев.

Николай Лазарев, «Дорсигнал» ЖШС директоры:
-Жаңа бағдаршамдар осыдан үш жыл бұрын қойылыпты. Қаладағы 71 бағдаршам нысандарының 26 -сында жаңа жарық диодты бағдаршам орнатылған. Өткен жылы 3 көше қиылысы осындай бағдаршамдармен қамтамасыз етілген.

Осы заманғы техниканы қала бойынша іске қосу әлі де жалғаспақ. Алдағы күндері оларды Әуезов-Брусиловский, Аяған Шәжімбаев-Пушкин, Ғабит Мүсірепов – Әуезов және Пушкин- Бөкетов көшелерінің қиылысында орналастыру жоспарланып отыр.

Әспет Әбдірешова