Ауыл шаруашылығы

Ветеринариялық бақылау қызметі

 

 

 

 

Өңірімізде ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің 14 аудандық, қалалық бөлімшелері құрылды. Облыста 150 ветеринариялық инспектор жұмыс істейтін болады. Олардың негізгі қызметтері айқындалып, алдарына бірқатар мақсаттар қойылыпты.

Марат Ыбыраев, облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының бөлім бастығы:
– 2012 жылда ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмысын өткізу, қадағалау және Кеден одағы бойынша өзімізден шығатын еттен жасалған өнімдерге қойылатын  талаптардың  сақталуын қамтамасыз ету –  міндетіміз .  

Инспекцияның 2012 жылға құрған жоспарлары ауқымды. Әсіресе, эпизоотиялық жағдайға қарсы шараларға көп көңіл бөлген жөн дейді мамандар. Мәселен, өткен жылы 2 мыңнан астам ірі қара жұқпалы ауруға тап болған. Әсіресе аусыл індетінен зардап шеккен ірі қараның қатары қалың. Олардың 51 пайызы Уәлиханов ауданында тіркеліпті. Біздің өлкеміз етті және сүтті қараның басын көбейтуге қолайлы. Бұл ретте сырттан әкелінетін асыл тұқымды ірі қараны иммунизациялау бағытында бірқатар жұмыстар жоспарда бар екен.

Марат Ыбыраев, облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының бөлім бастығы:
Біз де Президенттің Жолдауын естіп тыңдадық. Оны қолдап, іске асыру керек. Көп шаралар бар істейтін. Өйткені ауыл шаруашылық жұмысын көтеру керек. Мемлекеттен көп қаржы беріліп жатыр.  

Айдана Демесінова