Балалар

Мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру

 
 

 

 

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері жетекшілерінің секциясы 2 кезеңде ұйымдастырылды. Алдымен олар өзара тәжірибе бөлісіп, кейін топтар бойынша жұмыс жасады. Жиында балабақшалардағы тамақтану және «Балапан» бағдарламасына сай кадрлар даярлау мәселесі кеңінен талқыланды.

 Әлима Қабденова, СҚ педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау интитутының оқытушысы:
– Мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығы жоғары. Сондықтан мұндай жиындарда өте өзекті мәселелер қозғалады.

Сондай-ақ жиында балабақша тәрбиеленушілерімен жұмыс барысында тың әдістерді енгізу мәселесі де сөз болды.  Мәселен, «Ақбота» балабақшасының басшысы итальяндық педагогтар Монтессоридің әдісін енгізуді ұсынып  отыр.
 

Алтын Сейітова, «Ақбота» балабақшасының директоры:
– Монтессори әдісі балаларды ұжымшыл, сабырлы болуға үйретеді. Тиімділігі өте жоғары.

Жиын соңында өңіріміздегі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетекшілері балабақшаны аралады.

 Инеш Шоқақова