Қоғам

Мәжіліс депутаттары нұротандықтармен кездесті

 

 

 

Елбасы әлеуеті өскен, экономикасы қуатты қазақ елінің одан әрі қарқынды әрі тұрақты дамуына бағдар берер 16-шы жолдауын жария етті. 10 бағдарды арқау еткен биылғы жылдың бас құжатында негізінен өзекті деген әлеуметтік мәселелердің күрмеуін босату көзделген. Қазақстандықтардың әл-ауқатын күшейтуге бағытталған тұстарына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ольга Кикаленко тоқталып өтті.

Ольга Кикаленко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Әдеттегідей кезекті жолдауда да ел азаматтарының әлеуметтік қауіпсіздігі басты назарда. Қай бағытты алсақ та отандастарымыздың өмір деңгейін жақсартудың бағыттары айқындалған. Жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, денсаулық, білім салалары –  әрбірі өмірімізге аса қажет-ақ. Сондықтан осы тұста жүктелген тың жобалар сәтті жүзеге асуына атсалысу керек, біздің жарқын болашақ өзіміздің қолымызда.  

Халық қалаулылары елімізде өміршең тың жобалар іске асырылады дейді. Оған барлық қазақстандықтар бір кісідей атсалысуы керек.

 Анатолий Пепенин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Ірі нысандардың құрылысы Қазақстанға мол мүмкіндіктер ашқалы тұр. Индустриалдық-инновациялық даму ең алдымен жаңа жұмыс орындарының пайда болуына жол ашады. Өстіп шикізатты өзімізде өңдеп,  ішкі нарықты толықтай отандық өніммен қамтамасыз етуге қол жеткізу керек. Онымен тоқталмай тауардың сапасы бәсекеге қабілетті болып экспортттық потанциалды арттыру керек. Міне сонда әлеуметтік мәселелердің жарасы жеңіл болады.  

Маңызды құжат жүктеген міндеттерді халыққа жеткізуді мақсат еткен Мәжіліс депутаттары өңірдің бірқатар аудандарын аралауды жоспарлап отыр.

 Жеңіс Ермұқанов