Спорт

Каратеден облыс чемпионаты

 

 

 

Ашық турнир еліміз бен Ресей қалаларынан келген 300-ден астам спортшының басын қосты. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін жарысқа қатысушылар назарына солтүстікқазақстандық спортшылардың өнері ұсынылды.  
Алғашқы  кездесулердің бірі алматылық Жасұлан Нұрғалиев пен жерлесіміз  Илья Рубе арасында өтті. 9 жасар Жасұлан үшін алғашқы ұрыс сәтті аяқталды.

Жасұлан Нұрғалиев, жарысқа қатысушы, Алматы қаласы:
– Мен үш жылдай каратэге қатыстым. Мен жаңа жықтым. Енді жеңемін деп ойлаймын.  

Кекушинкай карате жарысын жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған. Турнирдің алғашқы күні 7-11 жас аралығындағы жасөспірімдер сынға түсті.

Владимир Витченко,  «Жалпықазақстандық Кекушинкай Карате ұйымы» РҰ СҚОФ директоры:
– Біздің балалардың бұған дейінгі сайыстарда көрсеткен нәтижелері жаман емес. Сондықтан оларға деген сенім мол. Келесі жылдары жарыстың көлемін ұлғайтып, республикалық деңгейде өткізсек деген ой бар.

Екінші болып жарыс алаңына қыздар шықты. Алина Довготько – 7 жаста. Бүгінгі сынға ол барынша жақсы дайындалыпты. Соның айқын дәлеліндей бірінші кездесуде қарсыласынан басым түсті.

Алина Довготько, жарысқа қатысушы, Астана қаласы:
– Мен Астана қаласынан келдім. Бүгін алғашқы жеңіске қол жеткіздім. Соған өте қуаныштымын.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте 1-орынды қарағандылық каратешілер жеңіп алды. Ал 2-орын павлодарлық спортшыларға бұйырса, жерлестеріміз 3-орынды қанағат тұтты.

Әспет Әбдірешова