Спорт

Грек-рим күресінен біріншілік

Алғашқы болып боз кілемге 13-14 жас аралығындағы палуандар шықты. Тобыл Қорғанбаевтың грек-рим күресімен айналысқанына 6 жыл болыпты. Мамлюттік палуан күрес мектебінің 40 жылдығына арналған халықаралық жарыста алтынды қанжығасына байлаған. Жарысқа үлкен дайындықпен келген спортшы алғашқы кезеңнен-ақ қарсыласының жамбасын жер искетті.

Тобыл Қорғанбаев, жарысқа қатысушы:
– Біздің команда осы жарыста бірінші орынды иеленіп, ауылға жеңіспен ораламыз деп ойлаймын.

Жарысқа облыстың барлық аудандарынан және қалалық спорт мектептерінен жасақталған 9 команда қатысуда. Олар 6 салмақ дәрежесінде  күш сынаспақ. Бұл бәсеке арқылы ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыруды көздеп отырмыз дейді ұйымдастырушылар.

Жанат Елеусізов, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталық директоры:
-Биылғы жолдауда Нұрсұлтан Әбішұлы бұқаралық спортқа және спорттың дамуына үлкен көңіл бөлді.  Соған орай біздің облысымызда да үлкен көңіл бөлінуде.Бұл жас балаларға үлкен көмек болып, үлкен ықыласын тигізеді деп білеміз, неге десең қазіргі таңда бұл спорттың түрі облысымызда қарқынды дамып келе жатыр.

Өңірде грек-рим күресін дамытуға ден қойылған. Бұл жұмыс өзінің жемісін де беріп жатыр. Айталық, Ақан Баймағанбетов Сингапурде жасөспірімдер арасында өткен олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болды. Биыл аталмыш жекпе-жек талаптарына өзгерістер енгізілді дейді балалар мен жасөспірімдер күрес мектебінің директоры Ғалым Өркешов.

Ғалым Өркешов, БЖКСМ директоры:
– Қазір палуан өзі жеңіп келе жатса, 1:0, 2:0 болсын, онда уақыт тоқтатылмайды, 2 минутқа дейін әрі қарай күреседі.

Аталмыш додада биіктен көрінген палуандар облыс құрамасына алынып, ақпан айының 7-22-і аралығында Степногорск қаласындағы оқу-жаттығуға қатысып, тәжірибелерін шыңдайды. Ал ақпан айының соңында Шымкент қаласында өтетін республикалық бәсекеде аймақ намысын қорғамақ.