Қоғам

Әскери қызметшілер Жаңаөзен қаласынан оралды

 

 

 

Елді дүрліктірген оқиғадан кейін 17 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзенде төтенше жағдай енгізген болатын. Коменданттық сағатқа байланысты қаладағы тәртіпті қадағалау үшін республиканың түрлі аймақтарынан әскери қызметкерлер жұмылдырылды. Соның ішінде Петропавл қаласынан  6637 әскери бөлімінің тәртіп сақшылары да қатысты.

Толқын Олжабаев, 6637 әскери бөлімінің әскери полиция қызметінің офицері:
– Әскери полиция қызметкерлері әскери тапсырма бойынша алға қойылған міндеттерді өте жақсы орындады. Күзетте тұрған біздің әскерилер бірнеше қылмыстардың бетін ашты.

Бүгінде Жаңаөзенде жағдай біршама тұрақтанған. Ал 31 қаңтар күні төтенше жағдай алынып тасталды.  Қала көшелеріндегі тәртіп пен тыныштықты қадағалаған әскерилер алға қойған міндеттерді ойдағыдай атқардық дейді.

  Нұржан Мұқашев,  6637 әскери бөлімінің  жедел мақсаттағы рота командирінің орынбасары:
– Бізге жүктелген міндет – жедел мақсаттағы істерді атқару. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындадық деген ойдамын.

Әспет Әбдірешова