Әр түрлі

Мәуліт мерекесі басталды

Мәуліт – араб сөзі, қазақ тілінде “туған күн” деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазіреті Мұхаммедтің дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз. Биылғы жылы пайғамбарымызды мадақтау 4 ақпанға тұспа-тұс келіп отыр.

 Қасымхан Абдоллаұлы,  Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
-Ол күні пайғамбарымыз дүниеге келгеніне қуанып, адамдарға оның өмірбаяны туралы арнайы мәуліт оқылады. «Мәуліт» дегенің – пайғамбарымыздың дүниеге келгеннен дүниеден өткенге дейінгі өмірбаяны таныстырылады.

Бұл күндері халық пайғамбарға салауат айтып, құран бағыштайды. Пайғамбардың  қалдырған өсиеттері ұлан-ғайыр. Хадистерінің барлығы пәктікке, бірлікке шақырады.  

 

 Қасымхан Абдоллаұлы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
-Сол күні әркім жағдайына қарай дастарқан жайып,   пайғамбарымызды еске алып, салауат айтып, құран оқып, уағыз-насихат, мәуліт оқылады.

Жалпы әлемнің мұсылмандары Мұхаммед пайғамбардың туған күнін 1 ай көлемінде тойлайды. Ислам дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар осыдан 14 ғасыр бұрын өмір сүрген. Бұл күні жамиғат алдымен пайғамбарға арнап қол жайып, құран оқиды. Алланың адамзат баласына жіберген соңғы кітабы “Құран” халыққа насихат етіледі.

– Имамдар өмірбаянын айтады, салауат айтып, құран оқиды.

– Отбасымызда мәуліт мерекесін өткіземіз, туған-туыс, халықты құттықтаймыз,өйткені бұл пайғамбарымыздың туған күні ғой.

-Ең алдымен бәйбішеміз екеуіміз үйде намаз оқып, құран бағыштап, мәуліт күні мешітке келеміз.

«Талбесік қалай тербелсе, талшыбық солай бой түзейді» демекші, өңіріміздің мұсылман жамиғаты да ақпан айының 12-і күні Николой Погодин атындағы орыс драма театрында үлкен мәуліт мерекесін атап өтпекші.Мерекеге Қазақстан мұсылмадары діни басқармасының өкілдері мен ақындар қатысады деп күтілуде.