Білім

Білім беру сапасы басты назарда болады

 

 

 

Мәдина Әбішева жыл сайын Елбасының Жолдауын асыға күтеді екен. Бойжеткенді  әсіресе саналы ұрпақты тәрбиелеуге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатқаны қуантады. Ол Президент жүктеген міндеттерді іске асырудың маңыздылығын жақсы түсінеді.

Мәдина Әбішева, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:
-Президент бізге, жастарға өте көп сенім артады.
Сол сенімді біз қолымыздан келгенше орындаймыз деп ойлаймын.  

Кейінгі толқын өкілдері ұлт көшбасшысы айқындап берген 10 бағытты түсіндірген депутаттың сөзін ұйып тыңдады. Облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Сәмиева бұл басымдықтардың ішінде елдің білім мен ғылым әлеуетін көтеру мәселесі де ерекше маңызға ие екендігін айтты.

Бақытжан Сәмиева, облыстық мәслихаттың депутаты:
-Біздің жастарымыз алға басу керек әрқашанда. Алға қалай басамыз: оқығанда, дұрыс білім алғанда. Ол үшін мектептер ашылып жатыр. Назарбаев университеті ашылды. Ол өте қуанышты мәселе.

«Жас Отан» жастар қанаты белсенділері жаңа Жолдауға қатысты пікірлерін ортаға салды.  Мемлекетіміздің алда күтіп тұрған бар сыннан сүрінбей өтуіне қолдан келгенін істейміз дейді олар.

Мұса Танақұлов, «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
-Маңыздықұжатта айтылған тапсырмаларды орындауға тырысамыз. Жолдау бастамаларымызға серпін берді. Бүкіләлемдік сарапшылардың болжамдарына қарағанда үлкен қаржы дағдарысы болуы мүмкін. Елбасымыздың бұл кезде еліміз үлкен құрылыс алаңына айналады дегені қуантады.  

Дөңгелек үстелге жиылған жастардың түйген ойлары бір. Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы біздің еліміздің, халқымыздың адаспайтын жолы дейді олар.

 

Айдана Демесінова