Қоғам

Ұстаздар Жолдау жүктеген міндеттер туралы ой бөлісті

 

 

 

Білім ошағының мұғалімдері әдеттегідей Президентіміздің халыққа арналған жыл сайынғы жолдауын талқылауға жиылды. Олар 10 топқа бөлініп, маңызды құжатта көрсетілген Қазақстанның 10 даму бағытын жан-жақты қарастырып отыр. Ұстаздардың ойынша бұл әдіс жолдау жүктеген міндеттерді біліп, оны оқушыларға дұрыс түсіндіруге септеседі.

  Гүлдарай Қайнетова, қалалық классикалық гимназия директоры:
Жолдауды талдау, насихаттау жұмысы іскери ойын түрінде болады. Елбасымыз ұсыныс жасаған бағыттар бойынша біздің жұмысымызда туындайтын қандай міндеттер бар, соны алып шығамыз.  

Данияр Уәлиевтің тобы білім беру және денсаулық сақтау саласына қатысты басымдықты сарапқа салып отыр. Әр тұсын терең меңгеріп, гимназиядағы соңғы жылдарда болған оң өзгерістерді тізуде.

Данияр Уәлиев, қалалық классикалық гимназияның  информатика  пәнінің мұғалімі:
– Білім жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдануға көңіл бөлді, ол бізде жасалып жатыр. Мемлекетте білесіздер, пилоттық жоба мектептерге орнатылып жатыр, оның ішіне біздің мектеп-гимназия да кіреді. Биылғы жылы қосылады. Яғни 1 серверде онлайн режимде білімді тек қана оқушылар емес, сонымен  қатар ұстаздар да өз біліктіліктерін арттыра алатын мүмкіндік береді.

2-ші топ маңызды құжаттағы қолжетімді баспана бағытын талдады. Олар Жолдаудың тиімділігін және оны іске асыру мүмкіндігінің жоғары екендігін нақты мысалдар келтіру арқылы дәлелдеуге тырысты.

  Клара Балабекова, қалалық классикалық гимназияның  биология  пәнінің мұғалімі:
-Жолдауда көрсетілген 1-шілдеге дейін әрбір облыс әкімдері және қала әкімдерінің өзінің жоспарларын жасау және бұл тұрғын үй салуды қолға алу және ұзақ мерзімді жалға алуға болатын мүмкіншілікті көрсетіп отыр. Бұл әсіресе баспанасы жоқ адамдарға өте қолайлы деп ойлаймын. Осы біздің мектептің жалпы 5 жыл ішінде 7 мұғалімге баспана алынды.

Оқытушылар ұжымы Жолдауды талқылап қана қоймай, сонымен бірге оны жүзеге асыру аясында гимназиядағы жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасады.

 

Айдана Демесінова