Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сенаторлар студенттермен кездесті

 

 

 

Елбасының жыл сайынғы әрбір Жолдауы – тәуелсіздікті бекіту, ел экономикасын нығайту, мемлекеттің тұрақтылығын сақтап, халықтың әл-ауқатын арттыру тәрізді әрбір ел азаматы үшін маңызды жәйттарды қамтиды. Биылғы Жолдаудың бағдары да осындай. Студенттер мен оқытушылармен кездескен Сенат депутаттары Самат Ескендіров  пен Анатолий Башмаков стратегиялық құжатта айқындалған әрбір бағытқа тоқталып, алда тұрған мақсат-міндеттердің маңыздылығын сөз етті. Елбасы биылғы Жолдауында да әлеуметтік салаға басымдық беріп отыр. Оның ішінде білім беру жүйесін жаңғыртуға үлкен көңіл бөлінген. Кездесуде студенттер Парламенттің жоғары палатасының депутаттарына сұрақтарын қойды. Оларды Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауда “Нұр Отан” партиясының алар орны қызықтырды.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Әрине бұл ретте “Нұр Отан” партиясына жүктелген міндет ауқымды. Нұротандықтар Президент айқындаған тапсырмалардың орындалуына атсалысатыны сөзсіз. Жалпы бұл іске әрбір қазақстандықтың жұмылғаны дұрыс.  

Студенттер Елбасының биылғы Жолдауын үлкен ықыласпен тыңдаған. Олар Президент айқындаған еліміздің бүгінгі даму бағытын құптап отыр.

Анастасия Сафронова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
-Елбасының Жолдауын тындадык, таныстык. Жолдауда жастарға үлкен көңіл бөлінген. Әсіресе білім беру саласына айырықша назар аударылған. Денсаулық сақтау, тілдер мәселесі де бар. Біз, жастар, Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға дайынбыз.

Осылайша өскелең ұрпақ Жолдау жүктеген міндеттерді орындауға өз үлестерін қосуға әзір. Өйткені, бұл ел болашағы, ұрпақ келешегі үшін жасалып отырғаны даусыз.

 

Айымгүл Әбілева