Тәртіптік кеңес отырысы

Қоғам

14:51 1 Ақпан 2012

 

Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында алдымен Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімінде жіберілген заң бұзушылық туралы мәселе қаралды. Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше бөлім бастығы Асқар Хабибулин мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстардың орындалғаны туралы актіге алдын-ала қол қойыпты. Құжатта «Персонал» фирмасы»  ЖК  әлі орындамаған тапсырыстың толықтай игерілгені көрсетілген. Сөйтіп, қазынаға 201 мың теңгенің залалы тиген.

 Асқар Хабибулин, Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы:
– Мен қалалық ішкі саясат бөлімі бастығының міндетін атқаруға өткен жылдың 27-ші маусымында тағайындалдым. Акт оған дейін дайындалған. Қол қойғаным шын, алайда кейін бір күмән туып, қаржылық бақылау саласының мамандарына тапсырысты тексеру жөнінде өзім тілек білдірдім. Менің ұсынысыммен олқылық анықталып, кейінгі тапсырыстан жетіспейтін қаражат ұсталынып, бюджетке түсті. Шығын толығымен өтелді.

Өстіп  қате түзеліп, шығынның орны толтырылғанымен, ереже бұзушылық фактісі тіркелді. Сондықтан  заңға қайшы әрекет жасаған мемлекеттік қызметшіге жаза қолдану туралы ұсыныс түсті.

 

Төлеген Қаскин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқармасының бастығы, облыстық тәртіптік кеңес төрағасы:

-Өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқарғаны, заңдылық қағидаларын сақталмағандары  үшін сөгіс жариялауды ұсынамын.

 Бұл ұсынысты кеңес мүшелері бірауыздан қолдады. Осы іске қатысы бар қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әминат Абдуллаеваға да  сөгіс берілетін болды. Сондай-ақ тәртіптік кеңесте өңіріміздің санитар мамандарының қатарында жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жөнінде облыстық СЭҚКД директоры Қайырғали Есенеев есеп берді. Өткен жылы құзырлы органның көз қысты бармақ бастылыққа жол берген екі қызметкері жұмыстарынан айрылыпты. Ондайды бұдан әрі болдырмас үшін департаментте сенім телефондары қойылып, виртуалды қабылдау жүйесі қолға алынған. Сондай-ақ жиында облыстық тәртіптік кеңестің 2011 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жарияланды.

 Жанат Жұмабаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша тәртіптік кеңес  хатшылығының меңгерушісі:
-Өткен жылы жемқорлық заңнамасының бұзылуына қатысты 1560 іс қаралды. 2010 жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық. 137 мемлекеттік қызметкерді тәртіптік кеңес жауапқа тартты. Оның 11-і  жұмысынан босатылды.

Кеңес мүшелері әлеуметтік дерттің тамырына балта шабу үшін алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

 Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтілді
Герольд Бельгердің туғанына – 85 жыл
Мектеп оқушылары дебат турнирінде бақ сынасты
Анасы мен қызын өлтірген Игорь Дементьев 21 жылға сотталды
“Жас кәсіпкер” бағдарламасының жүзеге асуы
“Арман” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына – 20 жыл
“Менің туым – менің Отаным” акциясы бастау алды
Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Петропавлға келді
Селолық округ әкімі мас күйінде көлікке отырған
Өз ісін ашқан петропавлдық жас қайырымдылықпен айналыспақшы
Бірыңғай сынып сағаты өтті
2020 жылдың 3-ші қазанынан кейін ескі банкноттарды айырбастау аяқталады