Бизнес және экономика

Қолжетімді баспана

 
 

 

 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері елімізде  тұрғын үй құрылысына жан бітті. Жаңа баспаналар салынып жатыр. Құрылыс қарқынының артуы алдымен ел экономикасына, халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты.

 Балахмет Мөлдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:
– Жолдау бойынша пәтерлер жалға берілетін болады. Бізбен келісім жасап, өз жағдайына қарай бізде жинап, сосын 50 пайыз несие алып, сол пәтерді тұрып жатқан сатып алады.  

Ол үшін тұрғынжай мәселесін қолжетімді бағамен шешкісі келетін азамат Тұрғын үй жинақ банкімен келісімге тұру керек. Бүгінде 7 800 солтүстікқазақстандық аталмыш қаржы институтының салымшысы атанып отыр. Былтыр 2010   жылмен салыстырғанда салымшылардың қатары 1,5 есеге артқан.

 Балахмет Мөлдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:
– Биыл салымшылар ақшаны молырақ салып жатыр тезірек 50 пайыз жинайық деп. 2400 салымшы жоспар  болған,  біз 2450 келісім жасап жоспарды орындадық. Қазір бұны халық түсініп жатыр.
Бізге салымшы болып, 50 пайызын жинау өте  қолайлы, өте арзан.

“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры Балахмет Мөлдиновтың айтуына қарағанда Петропавлда 5 баспана бой көтермек. Оның екеуі үстіміздегі жылдың қазан және желтоқсан айларында халықтың игілігіне тапсырылады. Саудаға салынатын пәтердің 1 шаршы метрінің құны  90 мың теңгені құрайды. Бүгіннен оларға деген қызығушылық танытып, жаңа баспанаға қаражат жинауға бел буған салымшылар баршылық. Басты талап – пәтерлер саудаға қойылғанша клиенттің есепшотында алатын үйінің жарты құны жатуы керек. Қалғанын банк несиелендіреді.

Балахмет Мөлдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:
55 пәтерлі үйге 1 бөлмелі 15 пәтерге 29 арыз түсті. 2 бөлмелі 5 үйге 7 арыз түсті,  ал 126 пәтерлі үйге біз арызды январьдан алып жатырмыз. 1,2 бөлмеліге арыз көп түсіп жатыр.  

Ал үш бөлмелі баспаналарға деген сұраныс әзірге төмен. 88 шаршы метрлік бұндай пәтерлердің құны 8 млн теңге шамасында. Сондықтан көбінің қалтасы көтере бермейді.

  Балахмет Мөлдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:
Биыл  Бензостройда  55 пәтерлі екі үй салынады. Үш комнаталықты азайтсын деп айттық, 15 пайызы ғана 3 комнаталы болады. Бензостройда Президенттік мектеп салынады. Жас мұғалімдер, отбасылар келеді. Оларға үлкен пәтерлер керегі жоқ деп ойлаймыз.

Салған пәтеріне тұтынушының табылатынына сенімді құрылыс компаниялары да жұмысты жандандырады деген сенім мол. Сондай-ақ банк пәтер құнының елу пайызын жинап үлгермегендер үшін аралық және алдын ала займдар енгізу мүмкіндігін де қарастырып отыр.

Жеңіс Ермұқанов