Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс активі Елбасы Жолдауын жүзеге асыру жайын талқылады

 

Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басып отырмыз. Жаңа кезеңді бастаған кезде алда жаңа мақсаттар мен маңызды міндеттер тұр. Осы іргелі жұмыстың негізгі бағыттарын мемлекет басшысы кезекті Жолдауында айқындады. Сөйтіп әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – алдағы онжылдықта ел дамуының басты бағыты болмақ. Алдағы уақытта он бағыт бойынша ауқымды жұмыс атқарылуы тиіс. Бірінші кезекте ел халқын жұмыспен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінбек. Бұл ретте өткен жылы әзірленген арнайы бағдарламаны биылдан кешенді түрде жүзеге асыруға кірісу қажет. Жұмыссыздар қайта оқытылып, жаңа мамандық меңгереді, біліктіліктерін арттырады.  Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауылдағы кәсіпкерлерге 600 млн теңгенің 400 несиесі беріледі. Болашағы жоқ ауылдан көшірілетін тұрғындарға салынып жатқан үйлердің құрылысын қатаң бақылау қажет. Елбасы айқындаған тағы бір міндет – қолжетімті баспана мәселесі. Биыл облыста 100 мың шаршы метрден артық тұрғын үй пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр. Петропавлда үш көппәтерлі үй халық игілігіне тапсырылады.

Облыста 2011-2015 жылдарға арналған өңірді дамыту бағдарламасы әзірленді. Агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеруге үлкен көңіл бөлінеді. Индустриалды-инновациялақ бағдарлама айырықша назарда болмақ. Үстіміздегі жылы әрбір ауданда үш елді мекеннен анықталды. Республикалық бюджеттен 70 пилоттық жобаны жүзеге асыруға 46 млн. теңге бөлінеді. Бұл қаражат ауылды өркендетуге жұмсалады.  

Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға үлкен мән берілмек. Бүгінде мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсету – уақыт талабы. Облыста “Электрондық әкімдік” жобасы қолға алынған. Енді бұл жұмысты аудандарда жолға қою қажет деді облыс әкімі. Әдеттегідей биыл да әлеуметтік салаға басымдық беріліп отыр. Білім беру жүйесін жаңғырту – алда тұрған маңызды міндет. Білікті, білімді педагогтар санын арттыру шарт. Медициналық қызмет сапасын көтеру – келесі бір маңызды бағыт. Ендігі уақытта қатерлі ісік аурынан болатын өлімді төмендету бірінші кезекке шықпақ. Мұнымен қатар шетелдік дәрігерлермен әріптестікті жалғастыру керек. Спортты дамыту да айырықша назарда. Тағы бір маңызды міндет – индустриялық-инновациялық жобалар жалғасын табуы тиіс. Облыста бүгінге дейін 20 жоба жүзеге асты. Биыл төртеуі іске қосылады. “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасын орындау үшін қыруар жұмыс күтіп тұр. Ауыл шаруашылығын дамыту да  – Жолдау жүктеген міндеттердің бірі. Сонымен бағытымыз айқын, жоспарымыз үлкен. Енді тек оларды орындауға білек сыбана кірісу қажет дейді жиынға келгендер.

  Геннадий Зенченко, “Зенченко и К” командиттік серіктестігінің бас директоры:
Бүгінде мемлекет үлкен мүмкіндіктер жасап отыр. Оны тиімді пайдалануымыз қажет. Алға тек айқын мақсат қойып, еңбектену керек. Бүгінде бізде барлық жағдай бар. Мал шаруашылығын дамытуға зор көңіл бөлініп жатыр. Шеттен жоғары өнімді мал әкеліп жатырмыз. Енді осы малдан жақсы өнім алу үшін жұмыс жасауымыз қажет. Жақсы өмір сүргіміз келеді. Ол үшін маңдай терді төгу керек.

Енді жыл бойы осы Жолдауды бағыт-бағдарға ала отырып жұмыс істемекпіз. Ал іс нәтижелі болуы үшін әркім өз үлесін қосуы қажет. Осы үлкен жауапкершілікті арқалап тарасты жиынға келгендер.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Мемлекет басшысы алға қойған үшінші міндет – өңірлерді дамыту.

 Айымгүл Әбілева