Қоғам

Сенаторлар қаржы полицейлерімен кездесті

Биылғы жолдауында Президент еліміздің 10 негізгі даму бағытын айқындап берген болатын. Жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс дейді ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Александр Судьин. Сондықтан кездесудің басынан-ақ депутаттар «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты маңызды құжатты түсіндіруге кірісті. Әсіресе, сот ісі мен құқық қорғау жүйесіне арналған басымдыққа назар аударылды.

Александр Судьин, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:
– Ең бастысы судьялардың кәсіби біліктілігін арттыру, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерінің болуы да аса маңызды. Президентіміз айтқандай, шілденің біріне дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу қажет. Содан кейін ғана олардың жалақыларын көтеру мәселесі қарастырылады.

16-шы жолдауында Ұлт көшбасшысы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту талабын қойды. Сонымен қатар үкіметке бұл бағытта кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Сондықтан да сенаторлар қаржы полицейлерімен жүздесіп, маңызды құжаттың түпкі мазмұны мен мақсатын түсіндіруіді жөн деп тапты.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Сіздер маңызды мәселемен айналысатын мемлекеттік мекемелердің бірі болып табыласыздар. Өйткені сіздер еліміздің экономикасына, оның дамуына зардабын тигізетін сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізіп, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етесіздер.  

Кездесу соңында жиылғандар депутаттарға көкейінде жүрген сауалдарын жолдады.

 Айдана Демесінова