Облысқа жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары келді

Аптадағы маңызды жаңалықтар

15:01 31 Қаңтар 2012

 

Елбасы әлеуеті өскен, экономикасы қуатты еліміздің одан әрі қарқынды әрі тұрақты дамуына бағдар берер 16-шы жолдауын жария етті. 10 бағдарды арқау еткен биылғы жылдың бас құжатында Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдырып, өміршең тың жобаларды іске қосуға басымдық берілген.

Александр Судьин, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:
– Ірі нысандардың құрылысы Қазақстанға мол мүмкіндіктер ашқалы тұр. Ең алдымен жаңа жұмыс орындары құрылады. Бізге қажеттіні шетелден тасымай өзіміз шығаратын боламыз. Бұл бағаның да төмендеуіне септеседі. Әр қазақстандықтың өмірін жақсартуға бағытталған бұл міндеттерді орындауға бірлігі жарасқан халқымыздың күш-жігері жетерлік. Ендеше тек алға.

Жиында осылайша халық қалаулылары аққайыңдықтарға жолдауда көтерілген мәселелердің маңыздылығын түсіндіріп өтуге тырысты. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Бамшмаков негізінен халықты жұмыспен қамту тұсына тоқталып өтті.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Елбасы халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесін бекерден бірінші орынға қойған жоқ. Әр отбасының экономикалық тұрақтылығы ол еліміздің дамуының белгісі. Қазіргі заманда әр қадам ақшаға келіп тіреледі. Жақсы жалақы табатын адам отбасының мұқтаждығын қамтамасыз етіп көңіл күйі жадыраңқы болады. Жұмысқа деген құлшынысы да артады.

Әсіресе астықты өлкенің тұрғындарын ауыл шаруашылығы саласының дамуы алаңдатады. Президент жолдауында ауыл өмірін гүлдендіруге де назар аударған.

Самат Ескендіров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Біздің облысқа сіздердің аудандарыңызға ең бастысы 10-шы бағытта ауыл шаруашылығының дамуына Елбасы ерекше көңіл, жылдағыдай ерекше ауқымды жағдай бөлініп, үкіметке мақсаттар қойылып отыр.

Кездесуге жиналғандар халық қалулыларына өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Сұрақтардың басты бөлігі әлеуметтік мәселелрге сайды.

Сергей Семенюк, Аққайың аудандық мәслихатының депутаты:
– Жолдауда Казақстанда газ желісін тарту жобасы жөнінде айтылды. Көгілдір отын біздің өңірге
жете ме?

Александр Судьин, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:
-Газ құбырлары батыстан оңтүстікке қарай тартылады. Негізінен халық көп шоғырланған елді мекендерден өтеді. СҚО кейбір аудандарынан да өтуі мүмкін. Ауқымды жоба, сондықтан әлі нақты қай жерлерге қосылатынын айту қиын.

Қанат Рамазанов – Аққайың аудандық маслихатының 5 -ші шақырылымының депутаты. Дайындық негізгі мектебінің директоры әсіресе білім саласын дамытуға жоспарланған тың жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін алға тартады.

Қанат Рамазанов, Аққайың аудандық мәслихатының депутаты:
– Елбасы білім саласын дамыту үшін алдымен мұғалімдердің біліктілігін, оқушылардың деңгейін өсіру керек деп айтты. Біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.

Жолдау жүктеген міндеттерді халыққа жеткізуге келген депутаттар тобы өңірдің бірқатар аудандарын аралауды жоспарлап отыр.

 Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді
СҚО-да әлеуметтік нан қымбаттамайды
Университеттің статусы өзгерді
Облыс әкімі Тайынша ауданының тұрғындарын қабылдады
Тұрғындардан мекенжай анықтамасы талап етілмейтін болады
Энергетиктер SMS-хабарлама жүйесін енгізбек
Түлектерді жұмыспен қамту сылбыр жүргізілуде
“Якорь құс фабрикасы” серіктестігінде жаңа корпус іске қосылды
Емдеу мекемелері біріктірілуде
Ботаникалық бақ жөнделіп жатыр
Омбыда өткен ынтымақтастық форумының нәтижелері
Көлік салығына қатысты сұрақтар талқыланды