Білім

Болашақ құрылысшылар үшін шеберлік сабағы

 

Германиялық «КНАУФ» фирмасы жоғары сапалы құрылыс материалдарын шығарумен айналысады. Бүгінде фирма Қазақстанның бірқатар қалаларымен заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгертуде тығыз байланыстар орнатқан. Ал осыдан бір ай бұрын компания Петропавл экономика-техникалық колледжімен келісімшартқа тұрыпты.

Дмитрий Пропп, «КНАУФ» фирмасының маркетинг бойынша Орта Азиядағы директоры:
-Мұнда келу мақсатымыз – Петропавл қаласында құрғақ құрылыс шебері мамандығын енгізу.
Бұл мамандықты студенттер өз қалаулары бойынша алатын болады. «КНАУФ» компаниясы қажетті шараларды үнемі өткізіп отырады. Жалпы Қазақстан бойынша фирма 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Ал оқу ордасының басшылығы мұндай мүмкіндікті қалт жібермеу керектігін айтады. Болашақ құрылысшы мамандарды дайындауда жаңа кәсіптің еш артықтығы жоқ дейді колледж директоры Александр Мерк.

Александр Мерк, Петропавл экономика-техникалық білім беру кешенінің президенті:
Бүгінде компания біздің студенттерге жаңа мамандықты игеру үшін барлық жағдайды жасап отыр. Қажетті технология, оқуға керекті құралдар мен оқулықтармен де қамтамасыз етеді.  

Сондай-ақ, студенттерге арнайы шеберлік сыныбы өткізіліп, жаңа құрылғылармен жұмыс істеудің мүмкіндіктері түсіндірілді. Болашақ мамандар шеберлік сыныбында айтылған жаңалықтарды барынша меңгеруге тырысуда.

  Ринат Балтабеков, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:
Осындай шаралардың бізге берер әсері мол. Біздің болашақ мамандығымызда керек нәрсе. Алда да жалғасын таба берсе екен.

Осындай шаралардың  теориялық білім мен тәжірибені ұштастыруда көп септігі бар дейді жиынға қатысқан студенттер мен оқытушылар.

 Әспет Әбдірешова