Білім

Білім беру саласын жетілдіру – басым бағыт

 

 

№7 ші орта мектеп ұжымы Елбасының Жолдауын талқылап, болашақ іс-жоспарларын айқындауды дәстүрге  айналдырған. Ұжымдағы жас маман Александр Белоног жолдаудың барлық басымдықтарын мұқият оқып, ой түйген. Саналы ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімдерге жүктелген міндет  жеңіл емес. Сондықтан ұстаздар қауымы білімді де, білікті болуы керек дейді. Бүгінгі таңда білім ордасында 73 ұстаз қызмет атқарады. Оның 67 пайызы жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер. 2009 жылы мектепте қазақ сыныптары да ашылған еді. 12 жыл еңбек өтілі бар бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Мөлдінова жұмыста жаңа технологияларды қолдану оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады дейді.

Ләззат Мөлдінова, бастауыш сынып мұғалімі:
– Сабақтарымыздың барлығы да жаңашыл, интерактивті тақтамен, жаңа технологияларды қолданып,жан-жақты балаларды дамытудамыз.

Елбасы Жолдауында “Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет деді. Бұл бағытта №7 мектепте бірталай жұмыстар жасалған. Білім ошағы 4 жыл ішінде 2 жаңа үрдістегі биология, информатика, физика және 2 лингафондық-мультимедиялық кабинетпен толыққан. Алдағы жылы заманауи химия кабинеті оқушылардың игілігіне берілмек.

 Татьяна Анцибор,  №7 орта мектеп директоры:
-Биылғы жолдауда білім саласына көп көңіл бөлінген. Осыған байланысты біздің ұстаздар Жолдауды басты бағытқа ала отырып, оқу жоспарын қайта даярлап, толықтырулар мен өзгертулер енгізеді. Білім беру бағытында жоспарлы түрде заманға сай жабдықтарды қолданып келеміз.

Оқу ордасында Президенттің халыққа Жолдауын одан әрі толық игеру жайлы жоспар құрылған. Алдағы уақытта сынып сағаттары мен педагогикалық кеңес өткізіледі дейді мектеп басшысы.