Денсаулық сақтау

Онкологиялық ауруларға қарсы күрес өрістейді


 

 Өткен жылы облыс бойынша, қатерлі ісік ауруларына шалдығу көрсеткіші 4,9 пайызға азайған. Онкологиялық аурулардан қайтыс болу жағдайлары да 143-тен 130-ға дейін төмендегені байқалады. Бұл бағытта, жергілікті жерге жеткізілген жаңа қондырылар өз себін тигізуде. Мысалы, былтыр облыстық онкологиялық диспансерге 107 млн теңгенің рентген-симулятор аппараты жеткізілген. Қондырғы ісіктің орнын дәл анықтап, нақты өлшемдерін көрсетеді. Онколог-дәрігерлер ендігі уақытта, бұл дерттің ошағын алдын ала және уақтылы анықтауды мақсат етіп отыр. Денсаулық сақтау мәселелері мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауында да назардан тыс қалмады. Негізгі 10 бағыттың 7-сі елдегі адами капиталдың сапалы өсуіне арналды. Бұл дегеніміз – бірінші кезекте білім беру және денсаулық сақтау. Өңір дәрігерлері Елбасының бұл жолғы тапсырмалары да орындалып, нәтижесін береді деген ойда.

Ермек Әбдірімов,  облыстық онкологиялық орталықтың бас дәрігері:
2-3 жыл бұрын кардиологиялық аурулардың қайтыс болу саны бірден 1,7 азайды. Ақшаларды бергеннің арқасында барлық облыстарда кардиохирургиялық операциялар жасалып жатыр.

Еліміз бойынша  қатерлі ісік ауруларынан көз жұму көрсеткіштері жүрек-қан тамыр ауруларынан кейінгі екінші орында. Ендеше, аурудың бұл түріне де Елбасының баса назар аударуы – уақытылы қолға алынған шара болады деген сенімде Ермек Әбдірімов.

Ермек Әбдірімов,  облыстық онкологиялық орталықтың бас дәрігері:
Осы аурулардың проблемасын шешу үшін үкіметке осы жағдайды қалдырмай, әрман қарай орнына келтіру керек, қандай стандартпен онкология саласы жұмыс істеу керек деген жоспар беріліп отыр. Осы жоспар 2 айдан кейін біткеннен кейін біз аймақтардағы мамандар сол жоспарды кіргізіп, халқымызға әжептеуір көмек келеді.  

Республика Президентінің соңғы жолдауына сәйкес, жас отбасылар жалдамалы баспанада тұра алады. Бұл жеңілдік те маман тапшылығын шешуге септесуі тиіс дейді Ермек Әбдірімов.  Бас дәрігер мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға осы бастан кірісу керек деген ойда. Сонда, көп ұзамай бұл шаралар да өз нәтижесін бермек.

Гүлмира Шоқтыбаева