Спорт

Гір көтеруден әскерилер арасындағы біріншілік

 

 

Жарыстың алғашқы кезеңінде спортшыларға 10 минут уақыт берілді. Осы уақытта олар гір тасын барынша көбірек көтерулері керек. Ал екінші кезеңінде не бары 2 минуттың ішінде сарбаздардың жылдамдығы анықталады. Нұрсұлтан Ербасов бүгінгі сайыста Петропавл құрамасының намысын қорғамақ. Жарыс алдындағы дайындығым жаман емес дейді ол.

  Нұрсұлтан Ербасов,  6637 әскери бөлім қатардағы жауынгері, Петропавл қаласы:
– Менің әскер қатарына шақырылғаныма жарты жыл болды. Өзім осында келгеннен бастап спортпен айналысып келе жатырмын. Осындай жарыстарға бірінші рет қатысып отырмын. Мен жеңіске ұмты
ламын.

Гір көтеруден өткен біріншілік Петропавл, Қостанай және Көкшетау қалаларынан үш команданың басын қосты. Жалпы спортшылар бұл додада өзара 6 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Кирилл Кролин,  6637 әскери бөлімнің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы:
Жалпы жарыс екі кезең бойынша өтеді. Спортшылардың жарысқа деген ынтасы жаман емес. Бүгінгі сайыс қорытындысы бойынша үздіктер ақпанның 14-16 аралығында өтетін Ішкі әскерлер чемпионатына аттанады.  

Владимир Колесников бұған дейін бөлім арасында өткен гір көтеру сайысында 1 орынға ие болған. Бұл спорт түрінен басқа ол жеңіл атлетикамен әуестенеді екен.

Владимир Колесников, 6697 әскери бөлімнің сержанты, Қостанай қаласы:
– Қарсыластар әрине өте мықты.
Гір көтеру спортынан жеңіске жету үшін жақсы дайындық керек. Дегенмен нәтижеге жетемін деген үміт басым.

Жарыс қорытындысы бойынша жерлес құрама бірінші орыннан көрінді. Ал Қостанайдан келген команда екінші орынға ие болса, көкшетаулық әскери құрама үшінші орынды қанағат тұтты.

Әспет Әбдірешова