Спорт

Футболдан аулалық клубтар арасындағы жарыс

 

 

 

Бұл 2012 жылы «Мяч» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған 2-ші турнир. Мұнда 20-ға жуық команда күш сынаспақ. 5-уі аудандық құрамалар. Олар наурыздың 11-не дейін 8 кезеңде бәсекеге түседі.

 Вячеслав Гуменный, «Мяч» қоғамдық жастар ұйымының төрағасы:
– Бұл жарысты Халықаралық әйелдер күніне орайластырып отырмыз. Мұнда тек қалалық командалар ғана емес, сондай-ақ М.Жұмабаев, Мамлют, Жамбыл, Тайынша, Қызылжар аудандарының құрамалары қатысады деп жоспарланған.

Аслан Шәйкенов 3-ші жыл футболмен айналысып келеді. Ол ЦСКА құрамасының мүшесі. Аяқ доп шеберлері осы жолғы сайыста да қарсыластарына дес бермейтіндігіне сенімді.

Аслан Шәйкенов, ЦСКА құрамасының мүшесі:
-Біз осы турнирге бірнеше рет қатысып отырмыз.Осы турнир маған өте ұнайды.
Жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Қарсылас командаға сәттілік, өз командама жеңіс тілеймін.  

Сондай-ақ бұл күні Рождество мерекесі қарсаңында өткізілген доданың қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды. Бұл сында 19-шы шағын ауданның намысын қорғаған «МТХ» құрамасы 1-орынға ие болды.

  Айдар Садуақасов, «МТХ» командасының мүшесі:
-1 жыл ішінде талай жарыстарға қатыстық. Бірде жолымыз болса, бірде болмады. Қарсыластарымыз мықты болса да біздің бағымыз жанып, жеңіске жеттік. Жеңіске жетуге көп жаттыққанымыздың септігі де тиді.