Құқық қорғау органдары

Жол сақшыларының рейді

 

 

 

Бағдаршамға дейін бірер қадам қалса да адамдар жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге әуес. Осылайша жол қысқартпақ болған жүргіншілер машиналардың қатынауына кедергі жасайды. Өстіп өз өмірімен айналасындағылардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндері ойларына кіріп те шықпайды. Анатолий Березкин   ережені елемегендігі үшін айыппұл төлеуге мәжбүрленеді. Асыққан –шайтан  ісі деген рас болар.

 Әсия Әбжанова, СҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы:
-Жаяу жүргіншілерге бұндай әкімшілік заңбұзушылық үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып салынады. Айыппұл 8090 теңгені құрайды. 4-ші мәрте ұсталғандарына 3 тәулікке қамауға алу жазасы қолданылады.  

Жол сақшылары бұндай құбылыспен жиі кездеседі екен.  Былтыр жаяу жүргіншілердің кесірінен 67 жол көлік апаты тіркеліпті. Жолды қысқартамын деген 7 адам өмірімен қоштасты. 65 жерлесіміз түрлі дене жарақаттарын алды.

 Әсия Әбжанова, СҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы:
-Келеңсіз статистиканың алдын алу үшін жол полициясының комитеті әр аптаның жұма күндерін жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнап отыр. Өйткені республика бойынша жол оқиғаларынан қаза тапқандардың 35 пайызын жаяу жүргіншілер құрап отыр.

Алдын алу шараларына енді учаскелік полицейлер, кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын инспекторлар мен патрульдік полиция да тартылатын болады.

Жеңіс Ермұқанов