МТРА жаңалықтары

Жас саясаткерлер мектебінің жиыны

 

 

 

Бұл жас саясаткерлер мектебінің осы жылы өткізіп отырған алғашқы жиыны. Мектеп өз ісін былтыр бастаған екен. Олар 2011 жылы бірқатар шаралар ұйымдастырып, алдағы жылға да ауқымды жоспар құрып отыр. Президентіміз кезекті Жолдауында 5-ші басымдығында жоғары білікті саясаткерлерді тәрбиелеу керектігін атап өтті. Ал нұротандықтар   бұл міндетті жас саясаткерлер мектебіне белсенді, саясатқа қабілеті бар студенттерді тарту арқылы орындаймыз деп отыр.

  Данияр Әбутәліпов, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ «Болашақ» филиалы төрағасының орынбасары:
– Негізгі мақсатымыз жастарды осы мектепке біріктіру. Олардың білімін жаңарта отыра тәжірибелік қасиеттерін көрсету. Әр мекемеде жұмыс істеуге дайындап жатырмыз.  

Бастапқыда саясатқа қызығушылық танытқандар аз болса, биыл олардың қатарына 15-20 адамға қосылып отыр. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Дана Мұстафина саясатқа жақын. Бойжеткен болашағын осы саламен байланыстырады.

  Дана Мұстафина, СҚМУ студенті:
– Жас саясаткер мектебінде жаңа талап, жаңа білім мақсат қойып отырмын. Яғни болашақта еліміздің белсенді, беделді және бәсекеге қабілетті азаматы болуды армандаймын. Сондықтан партияға, жастарға осылай үміт артып, жағдай жасап жатқанына алғысымды білдіремін.  

Ал Роза Есләмова өткен жылы саяси білім алуға ниет білдіріпті. Студент бір жылдың ішінде осы салада біраз тәжірибе жиғандығын алға тартуда.

 Роза Есләмова, СҚМУ студенті:
– Біздің мектеп саясатқа қызығушылық танытқандарға маңызды. Біраз нәрсені түйіп, білдік. Түрлі шаралар ұйымдастырдық. Мұның барлығы алдағы уақытта керек болатындығына сенімдімін .

Жас саясаткерлер мектебінде кез келген кейінгі толқын өкілдері саяси сауатын аша алады

Айдана Демесінова