Аптадағы маңызды жаңалықтар

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

 

 «Мұнаймаш» зауытының бірқатар қызметкері бүгін   залдан табылды. Мақсаттары бір – Елбасы жолдауын тыңдап, оны жүзеге асыруға өз үлестерін қосу. Ал Елбасы биыл барша қазақстандықтарға негізгі 10 даму бағытын көрсетіп берді. Осының негізінде, әлемде дағдарыс болып жатқанда, біз барша Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдырамыз деп атап өтті Республика Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республиасы Президенті:

-Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты. Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар бөлігін мемлекет меншігіне алдық. Енді «Богатырь», «Қарашығанақ», «Қашаған» секілді кен орындарының басым активтері мемлекет иелігінде. Жекешелендіру саясаты кезінде сатылып кеткен нысандарды мемлекетке қайтарамыз деп айтып едім ғой. Міне сол орындалып жатыр. Қазақстан халқы біртұтас бірлігі мығым кемел елге айналды. Дегенмен біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатыр. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс 5-6 жылға созылуы мүмкін. Біздің міндетіміз экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады. Қазақстанның 2015 жылға қарай табысы жоғары елдер қатарына қосылуын көздеп отырмыз. Бұл мақсатқа мығым бірлік арқылы ғана жете аламыз.
 
Сонымен тәуелсіздіктің 3-ші  онжылдығына бастайтын 10 жаңа бағыт белгіленді. Алғашқысы – қазақстандықтардың еңбекпен қамтылуы. 2020 жылға дейін елімізде 1,5 млн адам сапалы жұмыспен қамтамасыз етілуі тиіс. Екінші бағыт – қолжетімді баспана. Мемлекет басшысы әсіресе, жас отбасыларына тұрғын үй салу мәселесіне баса назар аударды.  Өңірлерді дамыту мәселесі – үшінші кезекте айтылды. Астана, Алматы, Шымкент сияқты қалаларға халық көптеп шығарланғанымен, моноқалаларды, бір салалы елді мекендерді назардан тыс қалдырмау керек. Жаңаөзен қаласындағы жағдай осындай қалалардың проблемасын ашып берді. Сондықтан, өз жолдауында Елбасы Үкіметке бірсалалы қалаларды дамыту бағдарламасын дайындауды тапсырды. Төртінші басым бағыт – халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру. 5-шісі – білікті саяси басқарушы санаттарын дайындау мәселесі. Елбасы сот және құқық қорғау жүйесін модернизациялау жайын да жеке дара бір бағыт ретінде ерекшелеп өтті. Кезекті жолдауда білім беру, денсаулық сақтау мәселелері де назардан тыс қалмады. 8-бағыт ретінде Республика Президенті зейнетақы жинақтау жүйесін шыңдауды міндеттеді. Және биылғы жолдаудың 9-бағыты индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына арналды. Өткен жылы елімізде 288 жоба іске асты. Жолдауда Елбасы биыл қосылатын бірқатар жобаларды атап айтты. Олар – Балқаш жылу-электр станциясының 1 модулінің құрылысы, 2 теміржол бағытының тартылуы, Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыштар зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өндеу кешені, газ-химиялық, газөңдеу кешендері. Ауыл шаруашылығында да атқаратын шаруа қыруар.
Түптеп келгенде экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру арқылы – экономикалық табыс пен қоғамдық игілікті қамтасыз ету арасында тиімді балансты іздеп табуға сайды бұл жолғы жолдаудың идеясы.
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын ұйып тыңдаған «Мұнаймаш» зауытының жұмысшылары болашаққа зор сеніммен қарап отыр.

 
Егор Перфилов, “Мұнаймаш” АҚ цех бастығының орынбасары:
Елбасының жолдауын тыңдап шықтық. Алға қойылған міндеттер ауқымды. Биылдың өзінде көптеген ірі жобалардың құрылысы басталады. Ендеше біз де қарап қалмауымыз керек. Жолдаудан соң, ертеңгі күнге деген сеніміміз нығая түсті.  
 
 
Жергілікті зауыт ұжымы, қол қусырып отырмақ емес. Үстіміздегі жылдың маусым айында мұнда жапондық үздік қондырғылар келуі тиіс. Бұл темір бөлшектерді өңдеу ісін жаңа сатыға көтермек.

 Федор Дмитриев, “Мұнаймаш” АҚ бас инженері:
-Өткен жылы зауытта 8 мың дана тауар шығарылды.
Бұл дегеніміз 2,7 млр теңгенің өнімі. Мемлеет қолдауының аясында кәсіпорын «Өнімділік 2020» бағдарламасына атсалысты. Нәтижесінде, Жапониядан 12 бірлік заман талабына сай қондырғылар алуға келісім жасалды. Станоктардың алғашқы легі маусымда жеткізіледі. Ал жылдың соңына таман темір өңдеу ісінде жаңа кезеңді бастауды жоспарлап отырмыз.  
 
Осылайша, барлық қазақстандықтар қолға алатын ірі жобалар ел экономасының тұрпатына оңтайлы өзгеріс жасауы тиіс. Көптеген жұмыс орындары құрылады. Үлкен кәсіпорындар, құрылыс индустриясы, металлургия, ағаш өңдеу және басқа да салалар дамымақ. Бұған өз үлесін «Мұнаймаш» зауыты да қосады. Биылға кәсіпорын 3 млрд теңгенің өнімін шығаруды межелеген.

Гүлмира Шоқтыбаева