Билік

Облыс әкімінің жұмыс сапары

  

 

 

Аймақ басшысы алдымен “Атай-СК” ЖШС құс фабрикасында болды. Былтыр шаруашылықтың 320 мың жоғары өнімді ломан уайт пен роданит 3 тауықтары 40 млн жұмыртқа беріпті. Серіктестік жетекшісі биыл сыйымдылығы 70 мың тауыққа шақталған заманауи украиндық екінші қондырғыны сатып алған. Бұл өндірістің тиімділігін арттырып отыр. Үстіміздегі жылы барлық цехтардан жиылған жұмыртқаны бірден қоймаға жеткізетін қондырғы орнату көзделіпті.  Бұл жаңашылдықты “Фирма Алекри” ЖШС  де өндіріске ендірмекші. Орталық жұмыртқа тасымалдағыш жүйенің құрылысына қажетті бағаналар орнатылып қойылыпты. Құс фермасы тағы бір тың жобасымен мақтана алады. Серік Біләловке мұндағы бар техникалық мүмкіндіктермен таныс болды. Мәселен, арнайы  құрылғы бүлінген, саудаға жарамсыз жұмыртқаларды сәуле арқылы еш қиындықсыз анықтайды екен.

 Людмила Мухамедова, “Фирма Алекро” ЖШС құс кешенінің атқарушы директоры:
– Біз қазір дайын өнімдер қоймасында тұрмыз. Мұнда Голландиялық сұрыптағыш және мөр басатын құрылғы орнатылған. Автоматты машинадан сағатына 56 мың жұмыртқа өтеді. Енді жуық арада қоймаға жұмыртқаны өзі жеткізетін қондырғы құрылысы аяқталса, жұмысымыз өдан әрі қарқын ала түседі.  

Өңір жетекшісі жұмыс сапарының барысында Соколов орта мектебінде ашылған мұражайға да ат басын тіреді. 40 жылдық тарихы бар рухани азық орны былтыр күрделі жөндеуден өткен. Аймақ басшысы құнды жәдігерлер қойылған жаңартылған 4 залды аралап, атқарылған іске оң бағасын берді. Мұнда Қызылжар ауданының тарихы, 20 жасаған егеменді елдің даму жолы көрсетілген.  

 Виктор Огневой, Соколов тарихи-өлкетану мұражайының жетекшісі:
-Мұражайымыз ертегідей таңғажайып күйге бөленді. Бұған қол жеткізу үшін мұғалімдер, белсенді жастар бірлесіп бір жарым ай еңбек еттік. Талпынысымыз зая кеткен жоқ. Нәтиже көңіл көншітерлік.  

Бүгінде мұражайға 3 мыңнан артық жәдігер жиналған.

 Жеңіс Ермұқанов