Қоғам

Майдангерлер ерлігіне тағзым

Ленинград қаласы 900 күн бойы жау қоршауында болды. Сыртпен барлық байланысы үзілген қалада аштық орнады. Осылайша 632 мың адам өмірмен қоштасты. Тек 1944 жылы қаңтар айының 27 жұлдызында қала жаудан арылып, құрсаудан босаған адамдар тылға жөнелтілді.
Ленинградты қорғауға СҚО-да құрылған 314-ші  атқыштар дивизиясы да тартылды.  Бүгін ескерткіш басына жиналған жас-кәрі соғыста мерт болған жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Вера Яковлева 4 ағайындыдан, үшеуіміз тірі қалдық,   жау қоршауы құлағанда 7 жаста ғана едім деп еске алады.

 Вера Яковлева:
-Анам зауытта жұмыс істейтін, үйге келгенде әжеміздің көз жұмғанын айттық, себебі үйде тамақ жоқ еді. Күніне бір үзім нан ғана тиетін. Үй суық болатын. Жағатын отын да болмады. Жау болса жан-жақтан оқ жаудырып жатты. Бұның бәрі есімде айқын сақталған.

Ирина Сидельникова да зұлмат күндерді басынан кешірді. Ол кезде 9 жасар қаршадай қыз отбасымен Саранск қаласына жөнелтілген.

  Ирина Сидельникова:
-Жеңісті біз жанұямызбен Саранскіде қарсы алдық. Қуанышымызда шек болған жоқ.

Осыдан тура 70 жыл бұрын Жасұлан Құдабаев та ағасын дәл осы жерден майданға шығарып салыпты. Даңқты 314-ші атқыштар дивизиясының құрамында болған ол кескілескен ұрыстарының бірінде ерлікпен қаза тапты. Тыл еңбеккері сол бір сәтті еске алып, ескерткіштің басына жиі келеді екен.

 Жасұлан Құдабаев, ҰОС ардагері, тыл еңбеккері:
– Біз тұрған алаң қасиетті. Бұл жер маған өте-мөте ыстық. Қолым бос уақытта осы алаңға келіп отырып кетем, еске алам. Естеріңде болсын, жастар, бұл қасиетті жер. Штабы осы жерде болғанымен, 5 жерде пункті болды.

Аты аңызға айналған Ленинград қаласының блокададан босатылғанына бүгін 68 жыл. Гүлшоғын қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысты. Қаза болғандардың рухына Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, сол кезде блокадада болғандар және қала тұрғындары тағзым етіп, мерт болғандарды бір минутттық үнсіздікпен еске алды.

 Вера Яковлева:
-Анам зауытта жұмыс істейтін, үйге келгенде әжеміздің көз жұмғанын айттық, себебі үйде тамақ жоқ еді. Күніне бір үзім нан ғана тиетін. Үй суық болатын. Жағатын отын да болмады. Жау болса жан-жақтан оқ жаудырып жатты. Бұның бәрі есімде айқын сақталған.

Ирина Сидельникова да зұлмат күндерді басынан кешірді. Ол кезде 9 жасар қаршадай қыз отбасымен Саранск қаласына жөнелтілген.

  Ирина Сидельникова:
-Жеңісті біз жанұямызбен Саранскіде қарсы алдық. Қуанышымызда шек болған жоқ.

Осыдан тура 70 жыл бұрын Жасұлан Құдабаев та ағасын дәл осы жерден майданға шығарып салыпты.