Мәдениет

Жаңа кітаптар

Көрмеге құнды еңбектер қойылған. “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында жарыққа шыққан жүзтомдық “Бабалар сөзі” жинағының бұл жолы кітапханаға 14 томы түсіпті. Кітапта халқымыздың ежелгі мифтері мен новелла- сатиралық ертегі, топонимдік аңыздары топтастырылған. Жыл соңына дейін осы жинақтың тағы жиырма томы әкелінеді дейді кітапханашылар.

Балкүміс Тоғжанова,  С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы:
– Тарихтан жаңа кітаптар түсті. Сосын «Бабалар сөзі». Өткен жылға дейін 64 томы келген. Биылғы жылы 14 том тағы алдық. Қазір «Бабалар сөзі» 80 том.

Жалпы көрмеде түрлі тақырыпты қамтитын ғылыми еңбектер, сөздіктер, энциклопедиялар өте көп. Солардың біразы еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарынан сыр шертеді.

Балкүміс Тоғжанова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы:
– Бүгін біздің кітапханаға жаңа кітаптар келіп түсті. Ол кітаптардың арасында, өздеріңіз білесіздер, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлап өттік. Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған кітаптар әлі де келіп түсіп жатыр.

«Қазақстанның үздік адамдары» деген атпен шыққан энциклопедиядан өңірімізге танымал есімдерді де табуға болады. Сондай-ақ, өңіріміздің танымал тұлғалары – С.Шаймерденов, Е.Зікібаев, Зейнел-Ғаби Иманбаев сынды жерлес жазушы-ақындардың естелік еңбектері де кітапхана қорын толықтырды.

Балкүміс Тоғжанова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы:
– Жерлес ақындарымыздың кітаптары бар. Ожан Қалидың «Ой» деген, ол кітап екі тілде, қазақша, орысша. Сосын біздің жерлесіміз Сұрағанов Молдахмет деген ағайдың кітабы бар. Ол кісілердің кітаптары бізге сыйланған сыйлық кітаптар.

Айта кететіні, бұл жолы кітапхана қоры балалар әдебиетімен де толықты. Әлемнің басқа тілдерін үйренуге мүмкіндік беретін электрондық оқулықтар да жұртшылық назарына ұсынылды.

Әспет Әбдірешова