Мәдениет

Облыстық филармония : жетістіктер және жоспарлар

 

 

 

 45 жылдық тарихы бар облыстық филармония үшін 2011 жыл табысты болды. Елімізге, одан қала берді шетелдерге танымал сахна жұлдыздарының қатысуымен бірлескен концерттер ұйымдастырылды. Өнер ұжымы қоян жылы қала және елді мекендерде 155 концерт қойған.

  Ботагөз Ақмағамбетова, облыстық филармония директоры:
-45-ші маусым сәтті өтті. Филармония ұжымы халықаралық деңгейдегі әртістермен бірлесе отырып бірнеше жобаны жүзеге асырды.
Испаниядан скрипкашы Ержан Құлыбаевтың, Германиядан роялшы Әмір Тебенихиннің қатысуымен классикалық концерт өткіздік.

Маусым айында «Туған жер» , қараша айында «Әлқисса» фольклорлық ансамбльдері және «Әдемі-ау» қазақ би ансамблі Түркияда өткен халықаралық   байқауға қатысты. Өнер ұжымының репертуары жыл санап кеңейіп, байып келеді. Былтырғы жылы Ақмола облыстық филармониясы әртістерімен бірлесе отырып алғаш рет «Алеко» операсы және «Пер гюнт» симфониялық сюитасын көрермендерге ұсынды. Биыл өңіріміздің өнер сүйер қауымының сұрауымен әлемге әйгілі туынды «Қыз Жібек» операсын тағы бір қайталамақ. Өнер ұжымы мұндай жетістіктерді мемлекеттің қолдауымен бағындырып жатырмыз дейді. Былтыр облыс бюджетінен 2,5 миллион теңге бөлініп, оған 20 музыкалық аспап сатып алынды. Филармонияда қазіргі таңда 8 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Онда 201 адам еңбек етуде. Біршамасы ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері. Өткен жыл өнер ұжымы үшін сәтті болды.  

 

Ботагөз Ақмағамбетова, облыстық филармония директоры:
– «Әдемі-ау» қазақ би ансамблінің балетмейстері Расима Сучкова биыл ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағын алды.

Қазір «Әлқисса», «Әдемі-ау » би ансамбльдері биыл Францияда өтететін халықаралық байқауға дайындық үстінде.