Балалар

Жас экологтар сайысы

 

 

Бұл балалар табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Өйткені балалар мен жеткіншектер клубтарында оқытушылар оларды кішкентай кездерінен бастап осыған тәрбиелейді. Ал мына балғындар бүгін өздерін жас экологтар ретінде байқап көрді.

Гүлнар Ескендірова,  «Надежда» балалар-жеткіншектер клубының ұйымдастырушы-педагогы:
– Бүгінгі сайысқа «Элегия», «Надежда», «Достық», «Жас батыр» және «Арман» командалары қатысады. Бұл шараны біз балалар үшін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз – балаларға бәріміздің табиғаттың бір бөлігі екенімізді ұғындыру.

«21 ғасырдың экологы» деген тақырыпта өткен сұрақ-жауап сайысына барлығы балалар мен жеткіншектердің 5 клубы қатысты. Өзара сынға түскен оқушылар тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беріп, түрлі ойындарда бақ сынады.   Вероника Ковалева осы клубқа жарты жылдан бері қатысып келеді екен. Біз онда көптеген пайдалы істерге үйренеміз дейді ол.

Вероника Ковалева,  «Надежда» балалар-жеткіншектер клубының тәрбиеленушісі:
Мен бұл сынға көптен бері дайындалдым. Біздің команда жақсы әсер қалдырды деп ойлаймын.  

Сайыс қорытындысы бойынша, «Надежда» командасы – бірінші орынды иеленді. Екінші орын – «Элегия» командасына бұйырса, «Жас батыр» үшінші орынға тұрақтады.

 Әспет Әбдірешова