Мәдениет

Екатерина Паюсова – халықаралық сурет байқауының жеңімпазы

 

 

 

 

2011 жылы АҚШ-тың Мичиган штатында өткен халықаралық байқауға көркемөнер лицейінің көрме қорынан 7 қолөнер жұмысы жіберіліпті. Соның ішінде Екатерина Паюсованың жұмысы үздік деп танылып 1 дәрежелі дипломға ие болды.

Екатерина Паюсова, “ЮНЕСКО клубы”, бейнелелеу өнері лицейінің тәрбиеленушісі:
– Көптеген конкурстарға қатысып, жүлделі орынды иеленсем де, бұл сайыста бірінші орын алу мен үшін үлкен жетістк. Қуанышымда шек жоқ.

Бұл Екатеринаның алғашқы жеңісі емес. Көптеген сайыстарға қатысқан ол Мәскеу қаласында өткен «Мир глазами детей», «Моей души коснулся ангел» халықаралық көрмелерінің жүлдегері. Болашақта қыз-келіншектер дизайнері болуды армандайтын Катя кішкентай кезінен сурет салуға әуес екен.

Екатерина Паюсова, қалалық көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі:
– Маған сурет салу өте ұнайды, көңіл-күйім көтеріледі. Осы суретті салып отырып, өз туған қаламды ойладым. Біздің қаламыз өте әдемі, Мен өз қаламды жақсы көремін.

Екатеринаның қабілетін кішкентай кезінен байқаған анасы қызын 5 жасынан лицейге әкеліпті. Енді анасы Катяның осындай жетістіктерін көріп, қуануда. Қызының дұрыс таңдау жасағанына риза.

Инна Гордей, Екатеринаның анасы:
– Кішкетайынан барлық балалар сияқты Катя да сурет салатын, сондықтан үйде өзара келісе отырып, осы лицейге бердік. Аз уақыт аралығында қызымның осыншама жетістіктерге жеткеніне қуаныштымын. Әрқашанда қолдап, қолымыздан келгенше көмек көрсетіп отырамыз.

Катяның кіші сіңлісі де сурет салғанды жақсы көреді . Болашақта ол да осындай байқауларға қатысып, жеңіске жетуді мақсат етіп отыр.

Арина Паюсова, Екатеринаның сіңлісі:
– Біз үйде бірге сурет саламыз, кейде Катя маған қалай дұрыс сурет салу керек екендігін үйретеді. Мен де қаланы және қыс мезгілін бейнелегенді ұнатамын және де оқытушыларға зор алғысымды білдіремін.

Лицей даңқын асқақтатқан Екатеринаға оқытушылар ұжымы алғысын білдіріп, сыйлық ұсынды.