Құқық қорғау органдары

«Гараж» шарасы

Гараждарда ұрлық көбіне қас қарайған сәтте жасалады. Түрлі жабдықтармен қаруланған ұрыларға құлыптарды бұзып ашу еш қиындық туғызбайды. Өйткені қаладағы гараж кооперативтерінің көбі күзетілмейді. Ал кейбіреулерінде тіпті жарық та жоқ. Құлыптың түрін де назардан тыс қалдырмаған жөн, дейді тәртіп сақшылары.

Қанат Қасенов, СҚО ІІД КПБ бастығының орынбасары:

 

-Қала аумағында 189 гараж кооперативі тіркелген, олардың 54-і ғана күзетіледі.

Гараждардан көбіне автокөлік саймандары, балықшылардың құралдары және басқа да сатуға болатын заттар қолды болатын көрінеді.  

Қанат Қасенов, СҚО ІІД КПБ бастығының орынбасары:

-Қала тұрғындарының көбі өздерінің бағалы заттарын да гараждарда сақтайды, бұл ұрылардың назарына түсетіні сөзсіз. Сол себепті бағалы заттарды күзетілмейтін гараждарда сақтамай, өз мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолдану қажет.

«Гараж» жедел алдын алу шаралары өңірімізде жиі өткізіліп тұрады. Бұл біреудің ала жібін атауды әдетке айналдырғандардың жолын кесуге септеседі дейді тәртіп сақшылары.

 Айдана Демесінова